• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:32:41
Алматы
+35°

22 қараша күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында "Халық заңгері"жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат ең үздік мамандардан келіп, тегін кеңес ала алады. Олар белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер,  көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасы және мемлекеттік органдардың басшылары.

Акцияны ұйымдастырушы zakon.kz желілік басылымы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және "Параграф"ақпараттық жүйесі. Акцияға Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдау көрсетті.

Семейде акция Абай көшесі, 94, мекенжайы бойынша орналасқан Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ғимаратында өтеді. (Заң факультеті)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір