• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:11:54
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы ісі, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосуда көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында қабылданып жатқан мәселелерді талқылады.

Бір аптаның ішінде кеңес мүшелері қаланың әлеуметтік нысандары мен балалар мекемелерін аралап, тексерді. Мұнда балалардың күнделікті өміріне қажетті барлық аспектілер – білім алудан бастап, тамақтану сапасы, тіпті, бос уақыттың ұйымдастырылуына дейін назар аударылды. Жұмыс қорытындысы бойынша, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровпен өткен кездесуде Алматы әкімдігіне балаларды қолдау бойынша қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын арттыру үшін қажетті ұсыныстар берілді. «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы істері, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиеваның айтуынша, жұмыс тобы әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы 150-ден астам нысанды аралап, отбасылармен кездесіп, шешімін табатын бірқатар өзекті мәселелерді анықтаған.

Кездесуде сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы ісі, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Рысты Жұмабекова, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кеңесшісі Мансия Исказина, ҚР ІІМ ювеналдық полицияның аға инспекторы Рүстем Құттыбаев сөз сөйледі. Жиынға қалалық әлеуметтік әл-ауқат, білім, қоғамдық денсаулық, спорт, мәдениет, қоғамдық даму басқармаларының және жергілікті полиция қызметінің басшылары, аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, аудандық басқарма бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кездесудің соңында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарларына көтерілген мәселелерді республикалық кеңеспен шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір