• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:25:50
Алматы
+35°

2019 жылдың 14-15 қарашасында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс –шараларды өткізетін облыстық орталығы, «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Жастар жылы аясында Тараз қаласы : Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында облыстық «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасындағы форумы ұйымдастырылды.

Форумға облысымыздың «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларына жаңа бағыт беріп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп жүрген Қордай, Жамбыл, Шу, Талас, Байзақ, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Мойынқұм және Сарысу аудандарының тәлімгерлері, үйлестірушілері және қаладан Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты, Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, «Н.Тілендиев» атындағы мектеп-интернатның тәлімгерлері мен үйлестірушілері, аудан (қала) ұланбасылары және белсенді жасұландықтары қатысты.

Облыстық «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасындағы форумының алғашқы күнінде «Жастар жарқын болашақтың иесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға Жамбыл облысындағы "Шәушен" қожалығының басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері С. Дөненбаев, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, Жамбыл облысының құрметті азаматы М. Ескендіров және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары – Ш. Тілеумұрат арнайы шақырылды.

Облыстық форумның салтанатты кезеңі 15 қарашада Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында жалғасын тапты. Облысымыздың белсенді жасұландықтардың көңілді флешмобы ұсынылды. Форумда ұйым қатарына салтанатты түрде белсенді оқушылар қабылданып, облыстың үздік жасұландықтары мен тәлімгерлері арнайы дипломдармен марапатталды.

Форумда Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлерінің, Қордай, Меркі ауданының өнерлі оқушыларының және Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс –шараларды өткізетін облыстық орталығының «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамбілінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір