• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:44:22
Алматы
+35°

Ахыска түріктері түркі халықтарының құрамындағы тағдыры күрделі, тарихи тағдыры ауыр ұлттардың бірі. Бұл халықтың орналасуы қазақ жерінен алыста, тілдік байланыстары алшақ болғанымен, тағдыр ол халықты тоталитарлық қоғамның зұлмат жылдарында қазақтармен бір шаңырақ астында табыстырды. Содан да Жамбыл жерін мекен еткен ахысхалықтардың кешегі тарихы мен бүгінгі тағдыры жамбылдықтарды да бей-жай қалдырмайды.

«Ахыска» түріктері – Сталин режимімен 1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген халықтардың бірі болып келеді.

14 қараша 1944 жылы Грузияның Түркиямен шектесетін шекарадағы Аспиндза, Ахыска, Адыгюн, Ахилкелек және Богдановка секілді аудандарынан ахыска түріктерін Орта Азияға күштеп қоныс аудартты.

Міне, бүгінде Жамбыл облысын мекен еткен Ахыска түріктерінің жер аударылып келгендеріне 75 жыл толды. Атаулы датаға орай «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі ас беріп, нәубетті жылдары өмірден өткенден құрбандардың құрметіне құран сүрелерін бағыштады. Жалпы түрік халқының жергілікті жердегі тұрғындары жыл сайын 14 қарашада ата- баба рухына арнап ас беруді дәстүрге айналдырған. «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев бұл бас қосудың әр жыл сайын жалағаса беретіндігі және осы жолғы асқа жастардың қатысуы осы үрдісті ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратынына сенетіндігін айтты.

Сонымен қатар, ас үстінде тағдыр тырнағы батқан түрік халқының тарихы туралы облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан, түрік этносының ақсақалдар алқасының төрағасы Зулфаров Ибрагим, ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмағұл Қанат естеліктер мен еске алулар айтып, 1944 жылы құрбан болған ата бабаға арналып оқытылған ұран аяттары қабыл болсын деп тіледі.

Жиын барысында тарих толқынынан сыр шертер арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетілді.

Тарихқа көз жүгіртсек...

Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректеріне қарағанда 1944 жылдың желтоқсан айының ортасында 92 307 адам, оның ішінде ер азаматтар – 18.923 (қариялар мен мүгедектер), – 27.399 әйелдер, 16 жасқа дейінгі балалар 45.085 болатын. Ең алғашқы эшелондар Ташкент облысына 9 желтоқсан 1944 жылы келді. Қоныс аударушылардың екінші жартысы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 22 күндік жолдан кейін келіп жетті. Қазақстанға қоныс аударушылар саны 6300 отбасын құрады, яғни 27 833 адам (Бараташвили, 1998: 12). Оларға тек 3 күндік тамақтарын алсын деп бұйрылды, бірақ олар 20 күннен астам жол ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (88). 2018 181 Тұрсұн Х.М., Омаралиев И.М. жүрді. Жол бойы тауарға арналған вагондарда 40 мыңға жуық адам суықтан және аштықтан мерт болды. Себебі, ол вагондар адам жағдайын еш қанағаттандырмады. Біріншіден, вагондардың ішіне 20-30 отбасын сыйғызды. Екіншіден, ол вагондар ешқандай жылулыққа икемделмеген. Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректерінде мынандай көрсетіледі: «Қоныс аударушыларға ешқандай эксцесс жүргізілген жоқ және оларға жол бойы әрбір станцияда тоқтап ыстық тамақ берілді» деп жазылған болатын. Бірақ ол мағлұматтардың бұрыс екендігі белгілі. Түнгі сағат 12-де әскери киімдегі адамдар түріктердің үйлеріне келіп, оларды өз тұрғылықты жерлерінен эвакуациялады. Соғыс біткен соң оларды қайтадан өз үйлеріне әкеп жайғастырамыз деген уәде әлі күнге дейін орандалған жоқ. Түннің жартысында кім не аларын білмей, ешқандай дайындықсыз тек құжаттарын алуға үлгерді. Жер аударылғандарды тауар вагондарына салып, сыртынан құлыптап тастады. Вагонның ішінде ашыққандар сырттан көмек сұрай алмады, дәретке шығайын десе есік құлыпталған, іші боран, себебі далада қараша айы және вагонның ішінде пеш орнатылмаған. Осының салдарынан қаншама адамдар жолда үсіп, қайтыс болды. Арнайы мәліметтерде КСРО Ішкі істер халық комиссариатының дерегі бойынша 1948 жылдың маусым айы бойынша 14895 адам қайтыс болды деп келтіреді. Шын мәнісінде алғашқы алты айда 37 мың адамға жуығы қайтыс болды, олардың ішінде 17 мың балаларды құрады (İbrahim Hasanoğlu, 2016: 4). Қоныс аударған түріктердің ешқандай қоғамдық және азаматтық құқықтары болмады. Оларға Қазақстан мен Орта Азияның ауылдық жерлеріне ғана қоныстануға рұқсат берілген.

Тарих қойнауындағы түрік бауырлардың бастан кешкен өмірі осылай.

Әр жылдың 14 қарашасында Тараз қаласында және Жамбыл жерінің әр ауданында түрік халқы ата-бабаларына арнап ас беріп, құран бағыштауды әдетке айналдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір