• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:57:41
Алматы
+35°

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлердің бірі екендігі даусыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында да агросекторды дамыту мәселесіне айрықша мән беруі тегін емес.

Ал ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда өзінің зор үлесін қосуда.

Биылғы жылы Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 30,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14,9 миллиард теңгеге артты.

Жалпы республика бойынша, оның ішінде Жамбыл өңірінде де ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Аймақта ағымдағы жылы 10 айда 275,6 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 104,4 пайызды құрады. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы нәтижесінде облыстың өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасты, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді.

Аталған жұмыста сала қызметкерлері – ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбектері орасан зор.

Жамбыл өңірі ауыл шаруашылығын жүргізуге өте қолайлы аймақ екені белгілі. Әулиеаталық шаруалардың ағымдағы жылы мол өнім алғанын да мақтанышпен айта аламыз.

Биылғы жылы 333,5 мың гектар дәнді және дәнді бұршақты дақылдар егін орағына түсіп, әр гектардан алынған орташа өнім 25,0 центнерді құрады және 763,2 мың тонна астық бастырылып, 92,2 мың тонна өнім артық алынды.

Сондай-ақ, облыс шаруалары 270,5 мың тонна картоп, 1 034,6 мың тонна көкөніс жинады. 48,5 мың тоннадан астам майлы дақыл өнімдері ел ырыздығына айналды.

Міне, осылайша қасиетті Әулиеата өңірінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстар жемісті нәтижесін беруде. Бұл, әрине, үлкен шаруалардың нақты нәтижесі. Ең бастысы еңбек адамдарына мемлекет барапынан лайықты қолдау көрсетілуде. Қолдау бар жерде қозғалыстың болатыны айтпаса да түсінікті. Ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір