• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:12:04
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге, ауыл шаруашылығы саласын алға бастыруға, инвестиция тартып, салықтық түсімдерді арттыруға басымдық берді. Мұның мән-маңызы түптеп келгенде жұмыс орындарының санын көбейтіп, әлеуметтің әлеуетін арттырумен ұштасып жатыр.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.

Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді»,-деп атап көрсетіп, бұқара мен биліктің байланысы беки түсетіндігін жеткізді.

Әлеуметтің әлеуетін арттырудың тиімді жолы-жұмыспен қамту шараларын жандандыру. Осы орайда Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында тындырымды тірліктер тіктелуде.

Айта кету керек, аталмыш ауданда жұмыссыздық азайып келеді. Мәселен, қазіргі уақытта жұмыссыз ретінде 654 адам ресми тіркеуде тұр. Өткен жылдың осы мерзімінде 787 адам тіркеуде болған екен. Бұл туралы аудан әкімі Нарбай Ергебеков әңгімелеп берді. Нарбай Әбілқасымұлы аталмыш аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттемелер туралы да тілге тиек етті.

– Ауданымызда осы 9 ай ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 3 миллиард 543,3 миллион теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,8 пайызға орындалды. Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен жалпы алаңы 8 906 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды.

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі есепті мерзімге 36 миллиард 020,2 миллион теңгені құрап, өткен жылғыдан 17,7 пайызға артты.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 7 миллиард 495,4 миллион теңге, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4 миллиард 015,4 миллион теңге, бөлшек сауда айналымы 1 миллиард 857,2 миллион теңге, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 21 миллиард 866,2 миллион теңгені құрады, – деген Нарбай Әбілқасымұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір