• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:49:35
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Үшаралдықтардың үміті зор

«Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет,

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деп атап көрсетіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесінен баса назар аударған болатын.

Бүгінде Жамбыл облысындағы әрбір елді мекенде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жобалар жүзеге асуда. Әсіресе, Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстың табысын арттыру жобасының берері мол болмақ. Баянды бастамаға үн қосқан елді мекеннің бірі-Талас ауданындағы Үшарал ауылдық округі.

Ауыл әкімі Рахымжан Айтуовтың сөзінше, округте басты проблема ағынды су екен. Сондықтан ондағы тұрғындар жобаның алғашқы бағыты бойынша аса құлшыныс таныта қоймапты. Өйткені, егін егуде су тапшылығы адым аттап бастырмайтын көрінеді. Мәселен, өткен жылы үшаралдықтар «Жеті ғасыр» егістігіне егін еккенімен өндіріп өнім ала алмаған. Сайып келгенде суға тоймаған көкөніс шаруаларды шығынға батырып, тығырыққа тірепті. Онда су бармауының себебі де белгілі. Талас өзенінің жоғары сағасында орналасқан Байзақ, Жамбыл аудандарының негізгі айналысатын шаруашылығы осы егіншілік. Үшаралды айтпағанның өзінде аталған аудандардың өзі кейде судан тарығып қалатыны жасырын емес. Дегенмен ауылды сумен қамтамасыз ету көрші Қырғыз елімен байланысты. Соған қарамастан ауылдағы азаматтар үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалануға әрекеттеніп отыр.

–Жалпы, жобаның мақсаты – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану. Сондықтан тұрғындар өз аулаларына көкөніс егуді қолға алып отыр. Ашығын айтқанда, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану үшін тұрғындар «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан несие алуға құлшыныс танытып отырған жоқ. Себебі олар сапалы тұқым мен тыңайтқыштар алуы үшін көп қаражатты қажет етпейді. Өз кезегінде

тұқым мен тыңайтқыш алу бойынша олар жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы кооперативімен келісімге келіп, солардан сатып алатын болады. Бұл жүйе тұрғындар үшін тиімді болып отыр, – дейді ауыл әкімі Рахымжан Орынбасарұлы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір