• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:45:03
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

"Адал ұрпақ" облыстық слеті өтті

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізілетінін ашық айтқан болатын. Бұл тұрғыда қылмыстың алдын алу, құқықтық мәдениетті жақсарту шараларының берері мол. Осы орайда Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесе ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының слеті өтті.

Жалпы биылғы оқу жылында облыстағы 392 орта және негізгі мектептерде «Адал ұрпақ» еріктілер клбуы құрылып, оған 20712 белсенді жоғары сынып оқушылары қамтылған болатын. Облыстың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандарынан келген «Адал ұрпақ» еріктілері клубтарының атқарған жұмыстарымен таныстырып, ЛЭД экранға бейнеролик, фотослайд түрінде презентация жасалып, сахналандырылған қойылымдары көрсетілді.

Мұнан соң, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев сөз пен облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова сөз алып, еріктілер клубтарының жұмысына сәттілік тіледі.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слетінде командалық есепте «Парасатты азамат» номинациясы Сарысу ауданына, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» номинациясы Меркі ауданына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу» номинациясы Т. Рысқұлов ауданына, «Ең үздік парасатты сағат» номинациясы Байзақ ауданына, «Ең үздік театрлық қойылым» номинациясы тараз қаласына, «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек!» номинациясы бойынша марапат Шу ауданына бұйырды. Сонымен бірге «Тарнспарентті және есеп беретін мемлекет» үздік бейнероликтер номинациясын Талас ауданы, «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» номинациясы Жуалы ауданы, «Қоғамдық тәртіп негіздерін үздік пікірталас практикумы» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, «қазақстан-құқықтық мемлекеті» үздік айлығы номинациясы марапатталды.

Слеттің жеңімпаз командаларға дипломдармен және арнайы сыйлықтар табысталды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір