• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:50:55
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Туған жердің тарихымен танысты

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің және аудандық жастар орталығының бастамасымен қолға алынған «Туған жердің тарихы – тұнған шежіре» атты тарихи-танымдық экспедициясы Қарақыстақ шатқалында ұйымдастырылды. Экспедиция барысында тұмса табиғаттың тамаша көріністерімен жақын танысуға мүмкіндік туды. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Әлібек Терлікбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева, аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры Эльдар Утембаев және ауданның бірқатар белсенді жастары қатысқан шараның құрметті қонағы тарихшы, өлкетанушы, «Парыз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекқұлы Әліұлы болды.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — жастарды ауданның тарихи-археологиялық орындарымен таныстыру. Сонымен қатар, олардың туған жерге деген патриоттық сана-сезімін нығайту, тарихи-танымдық іс-шараларға қатыстыру арқылы қоғамдық-саяси өмірге тарту және мәдени, рухани құндылықтарымызды зерделеу, насихаттау, өскелең ұрпақты ел, жер тарихын құрметтеуге үйрету болып табылады. Мұның бәрін жастарға шара барысында сөз алған аудан басшысы Ерболат Садырқұлов мәлімдеп беріп, жастар көтерген нақты бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Жиынға қатысушы жастар ең алдыменен Қарақыстақ шатқалындағы қорған төбелердің тарихымен танысты. Түс ауа жастар арасында спорттық-танымдық ойындар, сайыстар ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы топтар Қарақыстақ тауының ең биік жеріндегі белгі тасқа жаяу өрмелеп шығу, жүгіріп жарысу, Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай ең үздік өлең оқу және «Туған жерім, қандай көркем» топтық шығармашылық жұмыс бойынша сынға түсті. Жарыс соңына қарай үздіктер анықталып, жеңіске жеткен жастар марапатталды.

Аудан әкімі мен жастар ресурстық орталығының арасындағы келісім бойынша жалпы бес бағыт аясында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Солардың бірі – туризмді оның ішінде экотуризмді дамыту. Сол үшін де «Туған жердің тарихы – тұнған шежіре» атты тарихи-танымдық экспедициясы ұйымдастырылуда. Аталмыш экпедиция жыл бойы өтетін болады. Дәлірек айтар болсақ, қарашаның 16-сынан бастау алған ауқымды шара келер жылдың желтоқсан айында аяқталмақ. Осы аралықта жастар белгіленген жоспарға сәйкес, ауданның тарихи жерлерін аралап, жақын танысады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір