• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:53:42
Алматы
+35°

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімнің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық тергеуді тоқтатуға қатысты шағымын  қабылдамағанын айтты, – Qamshy.kz ақпарат агенттігі деп хабарлайды.

Еске салсақ, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шешімге шағым түсірді.

"Бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуді тоқтату туралы шағымын қабылдамады", – деп Марат Ахметжанов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 "Процедура жүріп жатыр, ешкімнің позициясы қызықтырмайды. Заң бар.  Қылмыс құрамы болса, осындай шешім қабылданады. Бірақ бүгінде тергеу процесіне ешкім әсер ете алмайды. Қылмыс құрамы болса, іске нүкте қойылады. Мен істің нақты мән-жайын білмеймін, тек факт бойынша айтып отырмын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шағым білдірді, бірақ олар шағымды қабылдамады", – деп  бас прокурордың орынбасары сөзін түйіндеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір