• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:42:06
Алматы
+35°

Оқуын тәмамдап қолына дипломын алған әр жас маман жұмыс жолын қаладан бастағысы келеді. Алайда, қалалы жерден бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Осыған байланысты бүгінде Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынып, оның тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп бергендей. Бағдарламаның басты мақсаты дипломы бар жастарды ауылды жерлерге жұмысқа орналастырып, ондағы маман тапшылығы мәселесін шешу екенін айта кеткен жөн.

Аталмыш бағдарлама аясында Қордай ауданына биыл тұрғын үй сатып алуға 37 маманға 140 138 мың теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен көтерме жәрдем ақы әлеуметтік қолдау шараларына 110 маманға 29519 мың теңге қаржы қарастырылған. Нәтижесінде, көтерме жәрдемақы алуға 207 адамның құжаттары қаралып, оның 95-не оң шешім берілген. Ал, наурыз айынан күні бүгінге дейін 75 жас маман 15379 мың теңге көтерме жәрдем ақыларын алған. Оның ішінде, білім беру саласынан 52, денсаулық сақтау саласы 14, АӨК 5, спорт саласынан 2 маман жәрдемақыға ие болған. Баспаналы болуға 107 азамат құжат тапсырып, 51 жас маманға оң шешім шығарылып, 35 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Ал, бүгінгі күнге тұрғын үйге 28 жас маман өз кезегін күтуде.

Қаладан ауылға қоныстанып, бағдарламаның бақытын сезінген жандардың бірі Айбек Үшкемпір. Айбек қазіргі таңда Кенен ауылындағы №1 балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының мұғалімі. Бүгінде бағдарлама арқылы баспаналы болған жас маман мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға дән риза.

Бала кезінен спортқа жақын болған Айбек мектепті аяқтаған соң спортшы боламын деген арманынан танбайды. Ол Алматы университетіне оқуға түсіп, дене шынықтыру мамандығын таңдайды. Студенттік шақты өткеріп, қолға диплом алған тұста жас маманға жұмыс табу оңайға соқпайды. Қаладағы өмір ұнағанымен, жұмыссыз жанға күн көру оңай емес. Әкеден жастайынан айырылған оны ауылдағы анасы мен бауырларына қамқор болсам деген ой мазалайды. Бірде оған анасы телефон соғып, осы бағдарлама туралы айтады. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермеуді ойлаған Айбек қала өмірін артқа тастап ауылға аттанады.

Ол кезде Кенен ауылында балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ашылғанына көп бола қойған жоқ екен. Айбек өзінің мамандығы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен танысады.

Керекті құжаттарын жиып, аудан әкімдігіне өткізеді. Осылайша, бағдарламаның арқасында бүгінде ауылдан үй алып, еңбек етіп жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір