• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:41:35
Алматы
+35°

Шулық диқандар Жер-Ананың жомарттығын жақсы түсінеді. Сол себепті, мүмкіндігінше кең алқапқа дән сеуіп, мол өнім алуға ұмтылып тұрады. «Диқан жерге тоймас» деген осы болса керек.

Жалпы, Шу ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылы жалпы құны 40 млрд 2 млн 4 мың теңгенің өнімі өндірілген. Оның физикалық индекс көлемі 104 пайызды құраған.

– Оның ішінде егін шаруашылығы 26 млрд 304 млн 9 мың теңге, физикалық индекс көлемі 105 пайыз, мал шаруашылығы өнімі 13 млрд 558 млн 600 мың теңге, физикалық индекс көлемі 102,1 пайыз болды. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд 765 млн 500 мың теңгеге жоғарылап, 116,8 пайызға орындалды.

Шу ауданы аумағының жер көлемі – 1 203 030 гектар, оның ішінде егістік - 146800 гектар, оның ішінде суармалы егістік 32722 гектар, көп жылдық екпелер - 584 гектар, шабындық - 5486 гектар, жайылымдық - 926136 гектарды құрайды.

2019 жылдың өнімі үшін егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 139706 га, оның ішінде: жаздық арпа 23710 гектар, күздік бидай 15268 гектар, дәндік жүгері 1576 гектар, майлы дақылдар 10122 гектар, картоп 1244 гектар, қант қызылшасы 725,1 гектар, көкөніс 10180 гектар, бақша 8580,2 гектар, бір жылдық шөп 17333 гектар болды, – дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.

Ауданда тәтті түбір өсіру ісі де алға басып келеді. Мәселен, биыл қант қызылшасының жоспары бойынша ауданға 1500 га жоспар беріліп, орындалуы 725,1 гектарды немесе 48,3 пайызды құраған.

Ал, өнімді сақтандыру жұмыстары бойынша, 2019 жылдың өніміне егілсе, 14 710 гектар күздік бидайдың 8986 гектары сақтандырылып, 61,08 пайызға орындалды.

– 2019 жылы 1 тонна аммиак селитрасының бағасы 78 400 теңге, тасымалдау құны әр тоннасына 5 950 теңгені құрап, қоса келе 1 тонна селитрасының бағасы 84 350 теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға 17000 тонна фосфогипс ұнтағын алу жоспарланып, 4210 тонна фосфогипс алынды немесе 24,8 пайызды құрады.

Ауданға 2019 жылдың көктемгі-жазғы дала жұмыстарына 2145 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның ішінде: шілде айына 780 тонна, тамыз айына 455 тонна, қыркүйек айына 390 тонна, қазан айына 520 тонна. Көктемгі егіс дала жұмыстарына 613 тракторлармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 573 доңғалақты трактор бар, – дейді аудан басшысы.

Жалпы, ағымдағы жылдың тоғыз айында ауданның агроқұрылымдары 497,3 млн. теңгеге 56 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Оның ішінде лизинг тәсілімен 219,5 млн. тенгеге 19 дана, өздерінің қаражаттарына 37 дана техника 277,8 млн. теңгеге алыныпты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір