• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:13:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күнделікті бақылауға алынған. Жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден сауда нүктелеріне түсетін ет пен сүт өнімдері арнайы ветернинариялық зертханалар арқылы қадағаланады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көбіне малдар арнайы мал сою орындарында сойылады.

–Бұл жұмыстармен облыстың әр аймағындағы 11 мал союбекеті және 52 мал сою алаңы, 3 ет өңдеу комбинаты және 1 құс етін өңдеу кәсіпорны айналысады. Есепті кезеңде бұл орындарда сойылған ірі қара малдың жалпы саны 18 699 басты құраса, ұсақ малдың саны 72 044 басқа жеткен. Мал сою алаңдарына сойылып, сауда орындарына жөнелтілетін ет өнімдері де қатаң бақылауға алынған. Облыстағы сауда орындарына түсетін ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілердің ет пен сүт өнімдерін 14 стационарлық зертхана тексереді. Оның ішінде 5 жеке зертхана бар. Ветеринариялық зертханамен қамту ауқымын кеңейту мақсатында жеке меншіктегі зертханалар желісі жұмысын Шу,Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында да жолға қойдық. Мұндай зертхананың бірі Тараз қаласында қызмет көрсетуде. Сондай-ақ күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде 4 жылжымалы ветеринариялық-санитариялық лабораторияда оңтайлы кәдеге жарауда,–дейді облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров.

Жалпы өңірдегі шаруалардың соңғы жылдары өз өнімдерін жергілікті нарықта саудаға шығаруға құлшынысы ерекше. Алайда дүкен сөрелеріне дертті мал өнімдерін өткізуге жол берілмейді. Сәйкесінше малы дертке шалдыққан шаруалар да бекерге шырылдап қалмайды. Оларға мұндай мал өнімдерін алудың тиісті талаптары түсіндіріліп, оның нарықтағы құнының 70 пайызы көлеміндегі құнына тең төлем де жасалады.

Ветеринарлық қызметтер әсіресе эпизоотиялық жағдай қиындаған шақта қауырт іске көшіп, ет,сүт өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдаған шаруаларды жазаға тартады.Мәселен сібір жарасы ауруы белең алып тұрған шақта Жуалы ауданынан Тараз қаласына ілеспе құжатсыз ет тасыған көлік жүргізушісіне 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Дәл осы етті қабылдап алған «Смағұлов» жеке кәсіпкерлігі де 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір