• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 15:21:15
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қараша, 2019

Тараздағы полиция басшылары жазаланды

Бірі сөгіс алса, бірі жұмыстан қуылды

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау, оның ішінде мектеп инспекторлары мен бейнекамералардың жетіспеушілігі, оқу орындарының аумағында қоршаудың, санитарлық жабдықтардың болмауы және басқа да мәселелер бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен арнайы жұмыс тобы құрылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев фейсбук желісі арқылы хабарлады. 

"Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау, оның ішінде мектеп инспекторлары мен бейнекамералардың жетіспеушілігі, оқу орындарының аумағында қоршаудың, санитарлық жабдықтардың болмауы және басқа да мәселелер бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен арнайы жұмыс тобы құрылды.
Мектеп жанындағы аумақтарда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстарды болдырмау бойынша жұмысты күшейту мақсатында, күндізгі және кешкі уақытта полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп патрульдеу ұйымдастырады.
Сондай-ақ мектеп инспекторларының іс-әрекет алгоритмі қайта қаралды. Мектептегі бейнебақылау камераларынан бейнелерді тек директордың кабинетіне ғана емес, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен мектеп инспекторының кабинеттеріне шығару мәселесі қаралуда.
Тараз қаласының №6 орта мектебінде орын алған қылмысқа байланысты Тараз қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығына, Тараз қ. ПБ 2-полиция бөлімінің және 2-ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастықтарына, 2-ПБ ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторына қатаң сөгіс жарияланды, ал мектеп инспекторы ішкі істер органдарынан шығарылды.
Кәмелетке толмағандар жасаған және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мәселелері менің күнделікті бақылауымда", - деп жазды Арман Оразалиев өзінің фейсбук парақшасына. 

Еске салсақ, кеше 12 жастағы жасөспірімнің мектеп әжетханасында зорланғаны анықталды. Күдікті барлық бейнебақылау камераларынан анық көрініп тұрған. Алайда емін-еркін жүрген педофильге ешкім мән бермеген. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір