• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:26:04
+35°

Көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту мәселесі қашанда өзекті.Мемлекеттік бағдарлама есебінен баспаналы болуға табыс төмен, әрі алғашқы жарнаны төлеуге қабілетсіз жандарға баспаналы болуы бақытын сезіндіру мақсатында өңірде облыс әкімінің бастамасымен 612 пәтерлі 12 жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы құны 2 миллиард 400 миллион теңге болатын 12 жатақхананың 9-ның құрылысы ағымдағы жыл соңына дейін аяқталып 478 отбасыға пәтер кілті тапсырылатын болады. Қалған 134 пәтерлі 3 жатақхана келер жылы пайдалануға берілмек.

Негізінен өңірде бюджет қаражаты есебінен биыл 2 195 адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспары бар.Мұнда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының қосар үлесі қомақты болмақ. Аталған бағдарлама аясында жалпы құны 11 миллиард 900 миллион теңге болатын 2118 пәтерлі 30 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғын үйдің 26-сы Тараз қаласында салынып жатса, қалған төртеуі Сарысу, Қордай, Жамбыл аудандарында бой көтеруде. Сонымен бірге республикалық бюджет есебінен 1 миллиард 600 миллион теңге қаржы қарастырылып көпбалалы отбасыларға арналған 209 пәтер сатып алу жоспары бар. Бүгінгі таңға дейін 186 пәтер сатып алынып қойылды.

Жалпы Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен бөлінген қаржының 3 миллиард 900 миллион теңгесі 658 пәтерлік 9 арендалық тұрғын үйдің құрылысына қаралған. Ал 8 миллиард теңге 1460 пәтерлік 21 кредиттік тұрғын үйге жұмсалған.

Жергілікті тұрғындардың баспана мәселесін шешуде жеке инвесторлар да атсалысуда.Мәселен Тараз қаласында 4 жеке инвестор өз қаражаттары есебінен 523 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Мұндағы 89 пәтерлі 2 тұрғын үйде жыл соңына дейін қоныстойы тойланатын болады.

Қалай десекте түрлі қаражат көздері арқылы тұрғындарды баспанамен қамтуға айрықша көңіл бөлген жергілікті биліктің лайықты қадамы сүйсінтеді. Уақытша немесе арендалы баспанаға иелік еткен тұрғындар жалдамалы пәтердің ақысына жұмсалатын шығынды өз пәтерінің алғашқы жарнасын жинауға бағыттауда. Бастысы бұл шараның барлық дерлік жамбыдықтардың әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқаны даусыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір