• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 18:54:27
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты

Соңғы тоғыз жыл бойы жүргізілген диагностикалық талдаулар нәтижесі Жамбыл өңірінде малдардың созылмалы бруцеллез ауруына шалдығу көрсеткішінің 83 пайызға төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың да малдан жұғатын дәл осы осу ауруға шалдыққандар саны да 255 адамға кеміген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Тарқатып айтар болсақ 2010 жылы 3025 бас мүйізді ірі қараны бруцеллез дерті дендесе, ағымдағы жылдың басынан бері небәрі 397 бас мүйізді ірі қара осынау ауруға шалдыққан. Ал 9 жыл бұрын ауру 10 066 бас уақ малды дертті еткен. Сәйкесінше тиісті шаралар арқасында ағымдағыжылдың 9 айында 1750 ұсақ малдың бруцеллезбен ауырғаны белгілі болды.

Жалпы биыл өңірдегі эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 1миллиард 500 миллион қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға артық.

–Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат толығымен аудандарға бөлініп берілді. Олар бұл қаржыға қажетті вакциналар толықтай алынды. Екпе жұмыстарына қажетті немесе одан артылған кейбір вакциналар ветеринариялық кәсіпорындардың вакцинаны уақытша сақтайтын қоймаларында сақтаулы тұр.

Бүгінде облыста жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинация және аллергиялық зерттеулер 13 аурудың түрі бойынша, диагностикалық зерттеулер 23 аурудың түрі бойынша эпизоотияға қарсы жоспарлы іс-шаралар жүргізіліп жатыр,–дейдіоблыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияров.

Эпизоотиялық ахуалды бақылауда ұстау мақсатында республикалық бюджеттен бөлек облыстық бюджеттен де 388 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы да мақсатты игеріліп мүйізді ірі қара малдың тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез ауыруына қарсы егілетін вакциналар сатып алуға жұмсалды.

Бір сөзбен айтқанда өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты. Бұл орайда осы қызметке жауапты ветеринарлық қызметтердің жұмысындағы жүйелілікті атап өткен жөн. Сала мамандары ауруға ұшыраған малдереу оқшауланып, мемлекеттік ветеринарлық инспектордың қадағалануымен өңдеу орындарына жіберіледі. Өз кезегінде өңдеу орындары шаруаларғмал құнының 70 пайызын төлеп береді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір