• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:36:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Партиялық жоба денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жандандырды  

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл-Ел бесігі!» жобасы аясында бірқатар денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынып отыр. Бұл тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапалы етудің алғышарты саналады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Партиялық жобаның аясында Байзақ аудандық орталық ауруханасында күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Шу ауданы Төлеби ауылындағы аудандық ауруханаға жапсарлас емхана ғимаратының құрылыс жұмыстары қолға алынды. Байзақ ауданында республикалық бюджет есебінен құны 2 миллиард теңге болатын 250 келушіге арналған емхана құрылысы да пилоттық жоба жол картасына енгізілді. Пилоттық жоба қолдау табатын болса Байзақ аудандық емханасының құрылысы 2020-2021жылдар аралығын жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сол секілді Қордай ауданында да республикалық бюджеттен қаржыландырылатын құны 2 миллиард 100 миллион теңге болатын 250 келушіге арналған емхананың жобалық сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сонымен қатар Қордай ауданында 270 орындық аурухана құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат қарастырылды.

Жалпы өткен жылдың басында облыстағы елді мекендердің алғашқы медициналық қызметке сұранысы 95 нысанды құраған еді. Былтыр бұл жұмыстарға мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті тарту нәтижесінде 39 нысанның мәселесі түбегейлі шешілді. Мұндағы жұмыстарға1 миллиард 300 миллион теңге қаржы бөлініп, мақсатты игерілді. Бюджет қаражаты есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Ағымдағы елді мекендердің 65 медициналық мекемеге сұранысы қанағаттандырылып, жалпы облыс тұрғындарының алғашқы медициналық қызмет көрсету орындарын қажеттілігі 100 пайызға орындалады. Осы жұмыстар нәтижесінде облыстың шалғай елдімекендерінде бірқатар жаңа медициналық мекемелер іске қосылып, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет қолжетімді бола түсті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар аудандық емханалар мен ауруханалардың ауқымын кеңейту бағытында жалғасын таппақ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір