• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:47:59
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмасын орындау мақсатында өткен жылдың қаңтар айынан бастап облыстағы 114 ауылдық округте төртінші деңгейлі бюджет енгізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Төртінші немесе дербес бюджет деп аталатын бюджеттің бұл түрі халқының саны 2 мыңнан асатын ауылдық округтерге енгізіледі. Мәселен өткен жылы дербес бюджеті қалыптасқан 114 ауылдық округтің кіріс жоспары 12 миллиард 400 миллион теңге сомасында бекітілді. Жыл соңына бұл жоспар асыра орындалып, бұл ауылдық округтердің жалпы бюджеті 12 миллиард 700 миллион теңге болды. Сәйкесінше ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген бұл қаржының есебінен елді мекендердің ажарын ашып, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында 786 іс шара өткізілді. Бұл мақсатқа 1 миллиард 700 миллион теңге қаржы да қарастырылды.

–Ал биыл дербес бюджет енгізілген 114 округтің кіріс жоспары 12 миллиард 700 миллион теңге көлемінде бекітілді. Сәйкесінше есепті кезеңде жоспар 2,9 пайызға артық орындалып отыр. Оның ішінде өзіндік кірістер 131,4 пайызға орындалды. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың қалған 42 ауылдық округтерінде бюджеттің 4 деңгейі енгізілетін болады. Сол арқылы дербес бюджет облыс аумағындағы барлық ауылдық округте қалыптаспақ. Дербес бюджетті қалыптастыру, оны қолданысқа беру бағытында барлық аудандарда іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімдерімен бекітілген. Аталған іс-шаралар жоспарына сай ауылдық округ әкімдерінің ғимаратын тиісті кеңсе техникаларымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ төртінші бюджетті қалыптастырушы, оған бақылау жасаушы мекемелер «Е-халық» , «1С-Мекеме» компьютерлік бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Ауылдық округтердегі әкімдік ғимараттарында 512 кбит/с төмен емес интернет байланыс және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйелері орнатылуда. Ал есепші мамандардың жаңа ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуіне дайынық жұмыстары жүргізіліп жатыр, –дейді облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай дербес бюджеті бар округ әкімдері бірқатар салықтық түсімдерден жиналған қаржыны ауылдағы өзекті мәселелерді шешу жұмсай алатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір