• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:29:47
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 Аймақтар

Кәсіпкерлікке кең өріс ашты

Инновациялық жобалардың игілігін көруден меркіліктер де шет қалмайды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда екі бірдей инновациялық жоба жүзеге асырыла бастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы құны 1 миллиард 712 миллион 200 мың теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба аясында 38 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл қос жобада күллі облыс тұрғындарының қантқа деген сұранысын өтеп келе жатқан «Орталық Азия Қант Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Меркі филиалында жүзеге асырылды. Оның алғашқысы болып, өндіріс ошағында 2016 жылы шырынды тазалайтын цехты қайта жанғырту жұмыстары жүргізілді. Жобалық қуаттылығы 698 миллион теңгеге бағаланған бұл жобаны іске асыру нәтижесінде кәсіпорын жылына қосымша 101 мың тонна қант шығаруға қауқарлы болды. Ал осы жобадан соң қант зауытында 18 жаңа жұмыс орны ашылды.

Келесі кезекте Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Орталық Азия Қант Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қант зауытын қайта жаңарту жобасы қолға алынды. Жобалық құны 1 миллиард 14миллион 200 мың теңгені құраған қайта жаңарту жұмыстары нәтижесінде өндіріс ошағының жылдық қуаттылығы 140 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Соңғы жылдары тоғыз жолдың торабында орналасқан Меркі ауданында кәсіпкерлік ерекше қарқынмен дамыды. Соның арқасында шағын және орта субъектілерінің саны 4901-ке жетті. Мұндағы 1646 нысан ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші болса, 3021-ін жеке кәсіпкерлер құрайды. Сондай-ақ өңірде 234 шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлға тіркелген.

Мұнан бөлек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айрықша мән беріп, қолданыс аясын 5 жылға дейін ұзартқан «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы асында жалпы сомасы 192,7 миллион теңге болатын 5 жоба мақұлданды. Бағдарламаның тағы бір басым бағыты саналатын кәсіпкерлік үшін алынған несиенің мөлшерлемесі субсидиялау бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқарма тарапынан жалпы сомасы 49 миллион теңгені құрайтын жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір