• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:02:42
Алматы
+35°

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ондағы елді мекендердің мәртебесі шешуші мәнге ие екендігі айтпаса да түсінікті жайт.Сондықтан да облыста елді мекендердің әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізіліп, өңірдегі елді мекендер саны 373-тен 366-ға дейін қысқарды.Өз кезегінде бұл қысқартулар жергілікті жерлерді оңтайлы басқару ісінің алғышартына айналмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы жүргізілген талдау жұмыстары облыстағы барлық 373 ауылдық елді мекеніне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесіне сай елді мекендер 179 кластерге топталды. Мұндағы 208 елді мекен даму әлеуеті жоғары ауылға жатса, оның іншінде 62 елді мекен тіректі және 146 елді мекен спутникті мәртебеге ие болған. Облыстағы 8 елді мекен стратегиялық шекара маңында орналасқан. Ал 103 мың адам тұратын 150 елді мекеннің даму әлеуеті орташа деңгейде деп бағаланып отыр.

–«Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы» туралы Заңына сай облыс аумағындағы7 ауылдық елді мекеннің әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша тиісті жұмыстар қолға алынды. Оның ішінде 4 ауылдық елді мекен бірлескен облыс әкімдігінің қаулысымен және облыстық мәслихат шешімімен таратылды. Бұл елді мекендер статистика департаментінің есебінен де шығарылды. Сондай-ақ 3 ауылдық елді мекендерді жақын орналасқан елді мекенге қосу бойынша бірлескен аудан әкімдіктерінің қаулылар және аудандық мәслихат шешімдері бекітілді. Бүгінге облыстық деңгейдегі жаңа шекараны белгілеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылыпжатыр,– дейді облыс әкімдігінің экономикажәне бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Облыстағы елді мекендердің әкімшілік-аумақтық шекарасы мен олардың әлеуметтік мәртебесін қайта зерделеп шыққан мамандар жаңа жүйе өңірлердің даму қарқынын еселеу жұмыстарына оң әсер ететін алға тартады. Әрі орталықтандырылған басқару жүйесі есебінен кейбір елді мекендердің қажеттілігі үшін шығарылған шығынның кемі де экономикалық тұрақтылықтың төте жолы деп санауға болады. Одан соң тірек ауылдардың да спутник ауылдар есебінен әлеуеті артып, даму қарқыны еселене түсетіні айдан анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір