• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:25:26
Алматы
+35°

Қазақстан Рспубликасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бергі 9 жыл ішінде облыстың шалғай елді мекендеріне 1747 жас маман келген. Бүгінде олардың 1618-і ауылды жерде қызмет етуін жалғастырып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2010-2019 жылдар аралығында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында өңірге келген 1747 жас маман 4 миллиар 961миллион 600 мың теңге көлемінде несие алған. Мұндағы 1618 жас ауылдық жерде қызмет етуді жалғастырып жатыр. Оның ішінде білім саласы мамандарының саны 1048-ді құраса, 349 маман жергілікті жердегі денсаулық сақтау саласын ілгерілету жолында тер төгуде.

Ал ағымдағы жылы 256 маманға тұрғын үй сатып алуға несие беруге 969 миллион 600 мың теңге қарастырылған. Жыл басынан бергі аралықта 233 маманға 843 миллион 600 теңге бюджеттік кредиттер берілді.

–Аудандар бөлінісінде тұрғын үй сатып алуға қажетті несиені қаржыландыруға Шу ауданында 53 жас маман өтініш беріп, оларға 200 миллион 700 мың теңге көлемінде несие берілген. Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданында 37 маман 140 миллион 100 мың теңге көлемінде несие алса, Қордай ауданында 35 маман 129 миллион 200 мың теңге несие тағайындалды. Мұнан бөлек жергілікті бюджет есебінен 655 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеуге 123 миллион 7 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңде 477 маманға 90 миллион 900 мың теңге несие берілді, –дейді облыс әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Жалпы, ауылдағы әлеуметтік саладағы аса қажетті мамандар тапшылығын жою мақсатында қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мүмкіндігін жамбылдық жастар жоғары дәрежеде сезінуде. Олар қажетті төлемдер мен әлеуметтік қолдауларға ие бола отырып, жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет ұсынып келеді. Жас мамандардың ауылдарда еңбек етуімен ондағы білім сапасы мен медициналық қызмет сапасы да еселеп артты. Бастысы бұл бағдарлама қолында дипломы бар, жоғары білімді жастардың жұмыссыз қалмауына мүмкіндік берді. Ал тәжірибесіз жас мамандар осы бағдарлама арқылы ауылға келіп мол тәжірибе жинақтап, кәсіптік өсу жолындағы алғашқы қадамын бастайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір