• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:27:25
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 Аймақтар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының ауқымы кеңейіп келеді  

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік нысандарға сұранысын өтеуде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының берері мол.Соңғы 3 жылда аталған бастама арқылы 113 жоба іске асырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тек 2017–2018 жылдардың өзінде өңірде демеушілердің бастамасымен 30 жоба іске асырылды. Ал ағымдағы жылы 83 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндағы әрбір жобаны іске асырудың нақты алгоритмдері әзірленген. Мәселен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобалардың 78 –і білім саласында жүзеге асырылып жатыр.

–Білім саласына қатысты жобаның 39-ы мемлекеттік міндеттемелерді талап етпейді. Бұл жобалар аясында 39 мектептің жанындағы асханаларды жабдықтау және сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізілді. Аталған жүйе арқылы оқушыларды тамақтандыру ісіне 279 миллион 500 мың теңгеге инвестиция тартылмақ. Нәтижесінде 26 621 оқушы ыстық тамақпен қамтылатын болады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік 2 жоба арқылы жеке ғимаратта орналасқан 2 мемлекеттік балабақшаны ғимаратпен қамту мәселесі шешілмек. Шу ауданы Шу қаласында «Балапан», «Астана» балабақшаларын ғимаратпен қамтуда жеке әріптестің бастамасымен бизнес-жоспарлар жасалды. Сондай-ақ Тараз қаласында №25 және 37 балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру бойынша да инвестициялық ұсыныс бар. Ал 35 жоба жеке меншік балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруды мақсат етеді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары денсаулық сақтау саласында қамтып, Шу қалалық ауруханасын томограф және№1 Тараз қалалық ауруханасына ангиограф қондырғысын сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы құны 1 миллиард 269 миллионды құрайтын бұл жобалар экономикалық сараптаманың оң қорытындысын алды. Сондай-ақ өңірде көшелерді жарықтандыру, Шахристан» тарихи-мәдени орталығы аумағында шеберлер қалашығын және «Жас турист» балалар – жасөспірімдер орталығын ұйымдастыру сынды бастамалар да мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қажет етіп, –дейді облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Энергетика саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы Тараз қаласындағы 172 көше жарықтарын жүргізуді көздейді. Ал туризм саласындағы мемлекет пен жеке кәсіпкер аласындағы байланыс Шахристан» тарихи-мәдени орталығы аумағында шеберлер қалашығын және «Жас турист» балалар – жасөспірімдер орталығын ұйымдастыруға инвестор тартуды мақсат етеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір