• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 09:05:55
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 Аймақтар

Жоба аясында жанданған жұмыстар жетерлік

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» іске қосылғаннан бері елді мекендерде қызы тірлік қайнай түсті. Мәселен Мойынқұм ауданында Айдарлы пилоттық ауылы таңдалынып алынса, мұнда бойына қан жүгірген жұмыстар жетерлік, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кеңес ауылдық округі бойынша жалпы 363 аула (үй), жалпы халық саны 2004 адам, 1 елді мекен. Жұмысқа жарамды 723 адам, аула саны 230.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 210 адам 40 ауланы құрайды.

Шаруа қожалық саны 70 болса, ол 121 ауланы қамтиды. Жалпы округтағы 363 ауланын үй іргесіндегі жер көлемі 58 га, 100% сумен қамтылған.

Несиеге өтінім берген 318 ауланың жалпы жер көлемі 58 га, оның ішінде: Картоп 25 га, қажетті қаражат 11 075,0 мың теңге, Қызанақ 33 га, қажетті қаражат 3 128,0 мың теңге,

Жалпы қажет қаражат 14 080,0 мың теңге, Оның ішінде: тұқымға 10 554,0 мың теңге, тыңайтқышқа 1 638,0 мың теңге, пестицидке (химиялық қорғау) 2 011,0 мың теңге.

Тұқым және басқада тауарлы-материалдық құндылықты сатып алуға «Айдарлы Агро-2019» АШК-ің төрағасы Шалкарбеков Мейрхан Алматы қаласында орналасқан «КАЗНИИПО» ЖШС арасында келісім-шарт жасасу бойынша жұмыстар жасауда.

Ауыл ішіндегі 9 шақырым арықты тазалау жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 3500,0 мың теңге қаржы қаралып, 2020 жылы сәуір айында жұмыстар толық аяқталады.

Мал шаруашылығы бойынша жалпы 363 аула болса, Оның ішінде 197 аула малмен қамтылған. Қалған 73 ауланың – 14 ауладағы үйлері несиеде кепілдікте тұр, 14 ауланың құжаттары заңдастырылмаған (рәсімделуде), 45

аулада адам тұрмайды.

Бүгінгі күнге 117 аула иелерінен 2514 бас мал алуға жалпы соммасы 394 660 мың теңгені құрап отыр. (Оның ішінде етті бағыттағы МІҚ мал саны 262, соммасы 65 500 мың тг (27 аула), 400 сауынды сиыр, соммасы 140 000 мың тг (42 аула), 874 бас қой, соммасы 34 960 мың тг (3 аула), 378 бас жылқы, соммасы 151 200 мың тг (20 аула), 600 бас қаз, соммасы 3 млн тг (1 аула).

Айдарлы ауылында «Айдарлы Агро - 2019» АШК барлық саланы қамту бағытымен құрылды. Кооператив басшысы болып Шалкарбеков Мейрхан Абдикеримович көпшілік жиналыста сайланды. Ауыл сыртындағы жерді АШК-і арқылы игеру бойынша, Мал азығымен қамтамасыз ету үшін егілетін дақыл түрлері жаңадан егілетін көпжылдық шөп (жоңышқа) 138 га, бұрыннан бар көпжылдық шөп (жоңышқа) 805 га, дәндік жүгері 270 га, сүрлем жүгері 50 га, арпа 144 га.

АШК-і орналасқан жерін және орналасуы анықталып, жер телімін бөлу және қажетті инфрақұрылым тарту мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Қажетті қаражат көлемі 74,5 млн. теңге.

 

АШК бойынша сатып алынатын техника мен жабдықтар 18 бірлікті құрап, жалпы соммасы 140 630 000 теңге қаржыны құрайды.

АШК-нің кепіл қою мүмкіндігі (кепіл түрі) сомасы – барлық техника лизинг арқылы алынады.

Ауыл шаруашылығы саласынан басқа бағыт бойынша пилоттық округте жалпы 3 жоба 5 000 000 теңгеге ұсыныс түсіп отыр. 3 аула дүкен жабдықтарын алуға сомасы 8 000 000 теңге ниет білдірді.

Ауыл тұрғындардың әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға барлығы пилоттық округ бойынша 318 жоба 496,0 млн. теңгеге сұраныс білдіріп отыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір