• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:47:07
Алматы
+35°

Ел экономикасының іргетасы аудандардағы жұмыстармен қаланатыны белгілі. Сондықтан елді мекендердегі еңселі жұмыстар ешқашан елеусіз қалған емес. Жамбыл ауданына қарасты шалғай ауылдардың өзінде бүгінде көз тоярлық жұмыстар көп. Мәселен Мойынқұм ауданынада кеңестік кезеңдегі келмеске кеткендей көрсеткіштер қайта оралуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен өнеркәсіп саласына келсек 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 52,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 97,1 пайызды құраған.

Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі 6,2 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібі 46,5 млрд. Теңге және сумен жабдықтау өнеркәсібі 25,8 млрд теңгеге жеткен.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемінің нақты көлем индексінің төмендеуіне биылғы жылдың 9 айында өндірілген цементтің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,7 мың тоннаға төмендегені әсер еткен.

Цемент өнімінің кем орындаулы негізінен 2019 жылдың 26 тамызында «КЕGOC» АҚ-ның электр қуаты істен шығып уақытылы жұмыс атқармау себебінен «Жамбыл цемент зауыты» ЖШС 55,5 мың тоннаға цемент кем өндірілген және «ACIG» АҚ Хантау цемент заводының тоқтауынан орын алған.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 16,0 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге артты.

Биылғы жылы инвестиция көлемінің аудан аумағында Мерке-Бурыл-Байтал тас жолы құрылыс басталуынан көбейіп отыр.

Есепті кезеңде жеке кәсіпкерлердің бөлшек сауда көлемі 1,4 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3 пайызға өскен.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек айларында барлығы 1262 шағын және орта бизнес субъектілер саны тіркелген, олардың 97 шағын кәсіпкерлік субъекті болса 1165 субъекті жеке кәсіпкер болып тіркеліп отыр.

Есепті кезеңде барлық шағын және жеке кәсіпкерлік саласы бойынша бюджетке түскен салық көлемі 295,6 млн.теңгені құрады.

Бұл шалғай аудандағы шалқыған шаруа. Көрсеткіштер көңіл көншітетіні анық. Әсіресе цемент өндірісі мен инвестиция көлемінің артуы ел ертеңіне үлкен сеніммен қаратуда. Ендеше мерейлі Мойынқұмның берекесі кіре берсін демекпіз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір