• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:15:18
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған тұңғыш Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөлді. Асыраса орта білім беру мекемелердің материалдық базасын нығайта отырып, білім сапасын арттыруды міндеттеді. Осы орайда Жамбыл облысында білім беру саласына деген көңіл жіті бөлінуде. Тіптеп келгенде шалғай елді мекендердің өзінде «Цифрлық Қазақстан» жүйесін тауып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Шу ауданында жалпыға міндетті оқумен қамтуда 47 мектеп жұмыс жасайды. 43 асхана жұмысы жолға қойылыа, аз қамтылған отбасынан шыққан 1366 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жергілікті бюджеттен 104 миллион 429 мың теңге, облыстық бюджеттен10 миллион 181 мың теңгебөлінген. Бірінші сыныптың 2373 баласына ыстық тамаққа 102 миллион 878 мың теңге қаралған.

А.С.Макаренко мектебінің жанындағы интернатта 84 оқушы, О.Жандосов мектеп жанындағы интернатта 42 оқушы,барлығы 116 оқушы интернатпен қамтылған. Олардың ыстық тамағына 2019 жылға жергілікті бюджет есебінен 22 миллион 380 мың теңге бөлінген.

2018-2019 оқу жылында ҰБТ-ге барлығы 34 білім беру ұйымы қатысып отыр. (Алға ом, Әл-Фараби атындағы орта мектептен және кешкі мектептен бірде-бір оқушы ҰБТ-ге қатысқан жоқ).

Мектеп бітірген 878 түлектің 52,6 пайызы (462 түлек) тестілеуге қатысты. Тестілеуге қатысқандардың 88,3 пайызы (408 түлек) қазақ тілінде, 11,7 пайызы (54түлек) орыс тілінде тапсырды. Орташа балл-71,5. 37 оқушы «Алтын белгі», 15оқушы «Үздік аттестатқа» бітірді. Шығармашылық тапсырған оқушы саны – 64. Ең жоғары балл – 134 (Имаш Әсем Алмазқызы Төле би/қ/ом)

Оқу кабинеттерін компьютерлік техникалармен жабдықтау жұмыстары бойынша жалпы 47 мектепте барлығы 2470 компьютер орнатылған. Оның ішінде мұғалімдер пайдаланатын компьютер саны 1085.

Сондай-ақ, жалпы оқу кабинеті саны 1212. Оның ішінде 1085-і(89,5%) мұғалім компьютерімен жабдықталған.

2019 жылы 233 интерактивті құрылғылар сатып алып, оқу кабинеттерін 100 пайыз компьютермен жабдықтау жоспарлануда.

Иә, цифрлық дәуірге еліміз қарышты қадам жасап жатқанының бұл бір көрінісі. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында жанданған жобалардың жемісті болмағаны жоқ. Енді міне білім саласы да цифрландыруға толықтай көшіп жатқаны қуантады. Бұл ел ертеңіне жасалған игі қадам.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір