• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:29:20
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 2559,2 миллион теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 148,8 пайызды құраған. Бұл өткен жылға қарағанда нағұрлым артқанды аңғартады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2017 жылдан бері құрылысы жүріп жатқан Балқаш көлінен Бұрылбайтал стансасына дейін су құбыры және су қабылдау имараттары құрылысын аяқтауға биылғы жылға облыстық бюджеттен 400,0 млн теңге қаралған. Нысанды мемлекеттік қабылдауға дайындауда. «Бурылбайтал-Мирный-Қияқты топ су құбыры құрылысын салуға» биылғы жылға облыстық бюджеттен 150,0 млн. теңге бөлініп, жоспар толықтай орындалды.

2018 жылы Көкжелек және Ұланбел ауылдарынан 10 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілсе, биылғы жылы Мыңарал, Бурылбайтал, Қашқантеңіз елді мекендеріне 5 келушіге арналған медициналық пункттер пайдалануға берілетін болады. 2020 жылы Биназар ауылына 10 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салыну жоспарлануда.

Сәулет саласы бойынша бірнеше жобалар жандануда. Атап айтсақ:

1. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекен жайын айқындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес (ХҚКО) 2019 жылдың 10 айында келіп түскен 568 (451 жеке және 117 заңды) тұлғаларға анықтама берілді.

2. Мойынқұм ауданы бойынша 10 айында аралығында «Тіркеу және қоршау конструкциялары, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру бойынша 7 (СЖТ) үкіметтің электронды вэб-порталы арқылы берілді.

3. ИЖС - 2019 жылдың 10 айына пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысының көлемі 3200 м2 және тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция 67259,0 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы қыруар жұмыс атқарылуда. Аталған індеттің табиғи ошағында Кенес, Бірлік, Биназар, А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек және К.Қамқалы ауылдары барлығы аудан бойынша 13 елді-мекен орналасқан. Індет ошағындағы елді мекендегі аула қора-жай және ауылшаруашылығы малдары көктемде 2 мәрте және күз айында 1 мәрте барлығы 3 мәрте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

2019 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстарына аудандық бюджеттен 12,0 млн.теңге бөлінді.

Аудан аумағындағы Кеңес, Бірлік, Биназар, Көкжелек, Жамбыл, Мойынқұм, Құмөзек, және Ұланбел ауылдарында барлығы 8 мал тоғыту орны жұмыс істейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір