• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:47:40
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында биылғы жылы ауданішілік жолаушылар көлігі қатынасымен 6 елді мекен қамтамасыз етіліп, аудандық бюджеттен субсидияға 44,5 миллион теңге қаражат қарастырылған. Субсидия көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға артып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылдын 9 аймен салыстырғанда 35,7 %-ға өсті.

Сонымен қатар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы елді мекен көшелеріндегі автомобиль жолдарының үлесі 100,0% құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылдын 9 аймен салыстырғанда 60,0 %-ға өсті.

Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін 2019 жылы жол жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарына барлық бюджет көздерінен 166,6 млн. теңге бөлінді.

Қарастырылған қаражаттар есебінен жалпы 7,43 шақырым елді мекен көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар елді мекен көшелеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ескірген жол белгілерін орнату және бағдаршамдарға күтіп ұстау жұмыстарына 5,6 млн. теңге қарастырылды. Бұл қаржыға елді мекен көшелеріне 157 дана жаңа жол белгілерін орнатылды және Мойынқұм ауылындағы 4 дана бағдаршамға күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2019 жылға арналған энзоотияға қарсы іс-шаралар жоспары дайындалып бекітіліп, бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 6,0 млн. тенге бөлінді, 9 айда 25 000 мүйізді ірі қара тейлериоз ауруына, 11 839 бас жылқы сақау ауруына, 18 000 бас мүйізді ірі қара , 2 000 бас жылқы сальмонеллез ауруына және 60 000 бас уақ мал сальмонеллез ауруына егіліп, 5 млн. 890 мың теңге игерілді.(2018 жылы 4,5 млн. теңге бөлініп, игерілген).

Сондай-ақ 2017- 2018 жылдары аудандық бюджеттен 51,3 млн.теңге бөлініп, Кеңес, Бірлік, Биназар, Көкжелек, Жамбыл, Қылышбай, Құмөзек, Мойынқұм, Ұланбел, Шығанақ, Ақсүйек және Хантау ауылдарынан барлығы 12 ветеринариялық пунктке ғимарат сатып алынған.

2019 жылы аудандық бюджеттен Мынарал, Ақбақай, Мирный және Күшаман ауылдарынан ветеринариялық пунктке ғимарат сатып алуға 10,0 млн. тенге қаражат бөлінді, сатып алынатын ғимараттар анықталып, мемлекеттік сатып алу порталына жолданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір