• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:22:37
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының бақылауында тұрған жобалар бүгінде аз емес. Бұл әрине ең бірінші әлеуметтің әлеуетін арттыруға жасалып жатқан жұмыстар. Мұндай маңызды істер Мойынқұм ауданында да бағдарын табуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Кеңес ауылында клуб соғу жұмыстарына ЖСҚ жасауға 2017 жылы аудандық бюджеттен 6,0 млн теңге бөлінген. «Лидер Проект Дизайн» ЖШС-мен бір көзден сатып алу тәсілімен 08.09.2017ж. №57 келісім шарт жасалып, Мойынқұм ауданы, Айдарлы ауылдындағы 200 орындық клубқа жоба жасалып сметалық құны 236,9 мың теңгені құрады.

Алайда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Айдарлы ауылдындағы 200 орындық жобаның сметалық құны қымбат болғандықтан, оны 90 орындық жобаға қайта өзгерту тапсырылды.

ЖСҚ қайта есептеліп, АПЗ құжаттары (жер шешімі, техусловия) толығымен жаңартылды.

Қазіргі уақытта жобаға мемлекеттік сараптама өтуізілді.

Сондай-ақ Шу өзені мен Радай өзегінің жағалауын және су құрылымдарын жаңғырту жұмысы бойынша («Фурманов» су торабынан «Радай» өзегіне дейін) жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 2017 жылы аудандық бюджеттен 8,0 млн теңге жоспарланған, мемлекеттік сатып алу арқылы жобалаушы мекеме болып анықталған «Пана-2030» ЖШС-мен 7,0 млн теңгеге 20.07.2017 жылы №47 келісім шарт жасалды. ЖСҚ дайындалды, алдын ала жобалық құны 394,9 млн. теңгені құрады. Жобаны сараптамадан өткізу үшін облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорау басқармасынан және құрылыс басқармасынан келісім алынған.

Жобаны сараптамадан өткізу үшін, ескертулер беріліп, түзету жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек Шу өзені жағалауына су өткізуге реттеу гидроқондырғысының құрылысын салу және Шу өзенінің табанын тазалау жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 2017 жылы аудандық бюджеттен 6,0 млн теңге жоспарланған. ЖСҚ жасау үшін бір көзден сатып алу тісілімен «Пана 2030» ЖШС 23.10.2017 жылы №56 келісім шарт жасалып, ЖСҚ дайындалып, сметалық құны 937,5 млн теңгені құрады.

Облыс әкімінің Мойынқұм ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өткізілген жиналыста берілген тапсырмасына сәйкес алдын ала жобалық құнын төмендету үшін ЖСҚ қайта есептеу жұмыстары жүргізілді, одан кейінгі сметалық құны 704,8 млн теңгені құрады.

Жобаны сараптамадан өткізу үшін облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорау басқармасынан және құрылыс басқармасынан келісім алынған.

Жобаны сараптамадан өткізу үшін, ескертулер беріліп, түзету жұмыстары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір