• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:59:09
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі 5045071 гектар, оның ішінде ауылшаруашылығындағы жерлер 684,792 гектар, елді мекендердің жерлері 59,935 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге мақсатқа арналған жерлер 12604 гектар, орман жер қоры 1,925594 гектар, су қорының жері 308964 гектар, босалқы жерлер 598,145 гектар, басқа облыстар немесе басқа мемлекеттердің қолданысында 1,455037 гектар жер бар, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан бойынша 1 акционерлік қоғамы, 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 775 шаруа қожалығы және мал айдау жолдары бар олардың иелігінде жалпы 684792 гектар. Оның ішінде 5074 гектар суармалы егістік, 20784 гектар шабындық, 624 437 гектар жайылымдық, жолдар және көшелер астындағы жерлер 1046 гектар, басқа жерлер 33451гектар.

Мал айдау жоларының иелігінде жалпы 189956 гектар оның ішінде: 156687 гектар жайылымдық, басқа жерлер 33269 гектар.

Мойынқұм ауданы бойынша босалқы жерлер жалпы 598145 гектар оның ішінде суармалы егістік 3224 гектар, шабындық 37 375 гектар, жайылымдық 347599 гектар, бөгде жерлер 209947 гектар.

2019 жылдың 9 айында 50 шаруа қожалыққа берілген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер телімдерінің көлемі 14,752,8 гектар оның ішінде 508,5 гектар суармалы егістік, 607,0 гектар шабындық, 13637,3 гектар жайылымдық.

2019 жылдың 9 айында 2 конкурс ұйымдастырылып, жалпы көлемі 69543,7 гектар, оның ішінде суармалы егістік 1007,3 гектар, шабындығы 1288,8 гектар, жайылымы 67247,6 гектарға 109 жер теліміне құжаттар қабылданып, жер телімдері берілсе, шілде айында аукцион ұйымдастырылып, онда жалпы көлемі 2,9 гектар аукционға шығарылып, 5 жер телімі жалпы көлемі 0,7 гектарға құжаттары өткізіліп, 680,6 мың теңгеге сатылды.

Мойынқұм ауданы бойынша 2019 жылға арналған «Эпизоотияға қарсы іс-шаралары» жоспары дайындалып бекітілді. Бұл жұмыстарға Республикалық бюджеттен бөлінген 112 млн 935 мың тенге бөлініп, 9 айда 80 млн 459 мың теңге игерілді. (2018 жылы 104 млн 139 мың. тенге бөлініп игерілген).

2019 жылы бруцеллез ауруына шалдыққан 24 бас МІҚ және 152 уақ малдары тереңдетіп өңдеуге Байзақ ауданы, Талас ауылындағы «Қарасу Өтеген» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің мал сою орнына өткізілді.

2019 жылы Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспары дайындалып бекітілген және де техникалық сүйемелдеуге және бірдейлендіруді жүргізуге аудандық бюджеттен 9,0 млн. тенге бөлініп,9 айда 8 млн. 150 мың теңге игерілді. (2018 жылы 13,7 млн тенге бөлініп игерілген).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір