• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:14:53
Алматы
+35°

Ел экономикасын ілгерілетін дүние – жаңашылдық екені даусыз. Сондықтан жаңа жобаларды жандандыруда өңірлер өлшеусіз үлес қосуда. Олардың бір легі Жамбыл жерінде бағдарлы бағытын тауып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Бірлік ауылында спорттық-сауықтыру кешені құрылысы жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюддеттен 3,4 млн. теңге қарастырылды.

Жобалық құны 249,0 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық құрылыс басқармасына келісім алуға құжаттар жолданды.

Хантау елді мекеніндегі ауыз құбыры құрылысына ЖСҚ толық аяқталмаған. Алдын ала жобалық құны 411,6 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2019 жылға 2,5 млн. теңге бөлінген. Жобалаушы (ГАПП ЖШС-гі) жұмыстарын толық аяқтамауынан Заң орындарына берілді. Талап арыз экономикалық соттың 29.07.2019 жылғы №3115-19-00-2/829 шешімі бойынша қанағаттандырусыз қалдырылды.

Ақбақай ауылының су құбыры, ЖСҚ дайындау үшін «ГАПП» ЖШС-мен келісім шарт жасалған.

ЖСҚ –ты мемлекеттік сараптамадан өткізуге құрылыс бөлімі, «ГАПП» ЖШС-гі және «Еxspert Opinion» ЖШС-гімен үш жақты келісім шарт жасалған. Келісім-шартта сараптама құнын жобалаушыға («ГАПП» ЖШС-гі) жүктелген.

Жобалаушы («ГАПП» ЖШС-гі) тарпынан қаржы төленбегендіктен сараптама қорытындысы аяқталмай отыр. Жобалаушы (ГАПП ЖШС-гі) жұмыстарын толық аяқтамауынан Заң орындарына берілді.Кейінгі сараптама есебі бойынша жобаның құны 377,5 млн. теңгені құрады. Талап арыз экономикалық соттың 29.07.2019 жылғы №3115-19-00-2/829 шешімі бойынша қақанағаттандырусыз қалдырылды. Жобаларды мемсараптама сайтына қайта салу жұмыстары жүргізілуде.

Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарының топтық ауыз су жүйесі 2018-2021 жылғы ағымдағы бағадағы құрылыстың жалпы сметалық құны 780,0 млн. теңгені құрады.Облыстық құрылыс басқармасына келісім алынған. Нормативтік талаптарға сәйкес, қаралған кемшіліктер және ескертулер беріліп, түзету жұмыстары толық тай аяқталып 18.10.2019 жылғы №ЕО-0011/19 сараптама қорытындысы алынып, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір