• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:51:46
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нурадин Ракай facebook парақшасында 12 жасар жасөспірімнің мектеп әжетханасында зорланған ісіне байланысты білім басқармасының басшысы жұмыстан бостылғанын жазды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тараз қаласында орын алған жағдайға қатысты бас-аяғы 11 адам жауапқа тартылды.

Тараз қаласындағы ПБ ЖПҚ бастығы полиция полковнигі С. М. Мамытбеков, Тараз қ. ПБ 2-ПБ бастығы полиция полковнигі Д. Ө. Мұсаев, Тараз қ. ПБ 2-ПБ 2-ПБ бастығы полиция подполковнигі Н. М. Төлеуішов, Тараз қ. ПБ 2-ПБ ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Е. В. Юринаға қатаң сөгіс жарияланды.

Жалпы білім беретін мекемелерге бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Н. К. Рысбаев ішкі істер органдарынан шығарылды.

Білім саласы бойынша аталмыш оқу орнының мектеп директоры Л.Сманова өз еркімен жұмыстан босатылды.

 Сонымен қатар, мектеп вахтері Г.Нуршабаева, директордық құқықтық ісі жөніндегі орынбасары А. Узбекова, әжетханаға сұранған оқушыны жіберіп, сабақ біткенше іздемеген физика-математика пәнінің мұғалімі В.Ким, мектеп ішіндегі кезекшілікке жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Байкулова өз өтініштері негізінде қызметтерінен босатылды.

Қоғамдық резонанс тудырған мәселеге байланыстық облыстық білім басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы да өз еркімен жұмыстан босатылды.

Еске сала кетейік, орын алған оқиғаға қатыста облыс басшысы тиісті сала мамандарына таудай талап жүктеп, нақты шешімдер қабылдаған еді. Бүгінде сол тапсырмалар орындала бастады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тараз қылмыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір