• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:38:20
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімдігінде мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында көптеген істер атқарылуда. Соның бірі ретінде таяу күндері бірқатар басқармаларда тұрғындарды қабылдау жүріп, оларды толғандырған мәселелер бойынша нақты жауап берілмек.

Айталық, 21 қараша күні Қоғамдық даму басқармасы азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізеді. Іс-шараға басқарма жұмысына қызығушылық танытқан барлық азаматтар қатыса алады. Қабылдау сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін. Түскі 13.00-14.00 аралығында үзіліс. Қабылдау қалалық әкімдік ғимаратының 5-қабатындағы 531-кабинетте жүргізіледі. Сұрақтар бойынша 271-66-47 телефон номеріне хабарласуға болады.

Дәл осындай қабылдау, дәл осы күні Байзақов көшесі, 303 мекенжайы бойынша Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында өтеді. Онда басқарма басшысы Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин Алматы қаласының тұрғындарын қабылдауды жүргізеді деп күтілуде. Тел. номер: 8 (727) 390-21-01, 390-20-44.

Бұл күні сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты 4, 3-кіреберіс, 530 бөлмеде Спорт басқармасында қабылдау болады. Қабылдауға жазылу үшін 264-58-41 телефон номеріне хабарласу қажет.

Ал баспана, тұрғын-үй қатынастары мәселелері мазалаған тұрғындар осы күні Жароков көшесі 215 мекенжайы бойынша Тұрғын үй саясаты басқармасы басшыларымен кездесе алады. Алдын ала жазылу Жароков көшесі 215 мекенжайында орналасқан ғимараттың бірінші қабатында және 8(727)2251409, 8 777 595 51 89 (ватсап) телефон номерлері арқылы жүргізіледі. Жазылу уақыыты – 20 қараша сағат 18-00 ге дейін.

Сондай-ақ басқарма басшыларының қабылдауы апта сайын кестеге сәйкес жүргізіледі.

 

Аты, тегі, әкесінің аты

Қызметі

Қабылдау күндері

Қызметтік телефоны

 

1

Ақжаров Бахытжан

Кожанбердіұлы

Басшы

сәрсенбі

сағ.16-00

225-12-04

2

 Отыншиев Меиржан Батырбекұлы

Басшының орынбасары

бейсенбі

сағ. 16-00

225-12-02

3

Сайдельдаев Айбек Болатұлы

Басшының

орынбасары

сейсенбі

сағ. 16-00

225-12-01

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір