• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:55:44
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 Аймақтар

Жауынгерлердің шеберлігі шыңдалды

Ұлттық ұланның сапында қызмет ету көптеген өрен үшін мәртебе. Ел тыныштығын күзетіп, қорған болу әрбір азаматтың борышы. Борышын абыроймен өтеп, берген анттарына адал жандар сыннан өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында құқыққорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізуді міндеттеген болатын. Осы орайда 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы ҚР Ішкі істер министірінің бұйрығымен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жоспарына сәйкес кезектен тыс аттестациядан өтті. Бір аптаға жуық жеке құрам өз білімдерімен қатар атыс даярлығы және дене шынықтыру даярлығы бойынша сыннан өтті.

–Ұлттық ұландағы бұл сынақтар – жауынгерлік қызмет сапасын арттыруды, білікті мамандардан толыққанды кадрлық резерв құруды, әр әскери қызметшінің іскерлік, тұлғалық және жеке қасиеттерін жан-жақты әрі әділ бағалауды, олардың квалификациялық талаптар мен өз лауазымына сәйкестігін анықтауды көздейді. Алдымен жек құрам «Тараз-Арена» спорт сарайында түрлі нормативтер бойынша спорттық дайындықтарын сынады. Сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің базасында ұландықтар білімдерін көрсету үшін 50 сұрақтан тұратын тест тапсырып, палегонда ату жаттығуы бойынша сыннан өтті, – деді 5513 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Дамир Қасымов.

Үш жылда бір өтетін аттестатцияның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіп әскері әскери қызметшілерінің қызметін, олардың кәсіби және қызметтік қабілеттерін жан-жақты әрі әділ бағалау, сондай-ақ кадрларды іріктеп, дұрыс тағайындау. Үш норматив бойынша сыннан өткен әскерилер атыс даярлығынан, Макаров тапаншасымен «Пайда болатын нысаналар бойынша орыннан шапшаң ату», ал Калашников автоматынан қол пулеметінен және Калашников пулеметінен «Пайда болатын нысаналар бойынша орыннан ату» жаттығу шарттарын орындады. Жыл басынан бері қызу дайындық жүргізген шенділер әрбір норматив бойынша жоғары көрсеткіш көрсетуге барын салды.

– Бізге аттестация болатындығы туралы жыл басынан айтылды. Бүгінгі таңда әрбір әскеридің дайындығы жоғары деңгейде. Мұнда жас ерекшелігіне байланысты да нормативтер бөлінеді. Ұлттық ұланның сарбазы кез келген уақытта формада болу керек. Сондықтан біздер үшін бұл күнделікті жұмысымыз іспетті. Аттестациядан өту аса бір қиындық туғызады деп айта алмаймын, – дейді №5513 әскери бөлімі штабының маманы Жанар Садвакасова.

Бірнеше күнге созылған аттестациялаудан сүрінген шенділер үшін тағы бір мүмкіндік беріледі екен. Бірақ ол кезеңнен де сүрінген ұландық жұмыстан босатылады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір