• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:59:22
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 Аймақтар

Таразда республикалық семинар-кеңес өткізілді

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ ұйытқы болуымен «Латын әліпбиіне көшу кезеңдеріне сәйкес педагог біліктілігін арттыруды жүйелеу» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Латын графикасына көшу кезеңдеріне сәйкес, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда әліпбидің әдістемелік мәселелері мен емле ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылауға арналған басқосуды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Өскенбаева кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде семинар-кеңестің мазмұнына жан-жақты тоқталып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстардың жемісті екенін тіліне тиек етті. Бұдан соң облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев сөз алды.

-Жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарында кириллица енгізілгені баршаға мәлім. Оның идеологиялық негіздерін мен де бір кісідей зерделедім. Ол кездегі идеологияның бағыты баршаға мәлім ғой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген ұстаным болды. Латын графикасына көшудің негізінде идеологиялық мазмұн бар.

Облыстағы бұқаралық ақпарал құралдары да бүгінгі күні латын графикасына баса назар аударып отыр. Бұл ретте жұртшылықтың көз дағдысын қалыптастыру баста мақсат екені аян. Қазіргі таңда аудандық 10, Тараз қалалық 1, облыстық 3 басылым бар. Газеттердің дені атауларын латын қарпіне ауыстырды. Бұл да біршама жұмыс. Өйткені газет атауы жәй өзгеріске ұшырамайды, куәлігін де алу керек. Одан бөлек басылым оқырмандарының көзін үйрету, оқу дағдысын жүйелеу мақсатында барлық басылымдарда бір мақала латын жазуымен беріліп келеді. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын таба береді. Сонымен қатар телеарналардың да атаулары, бағдарламаларының аттары латын қарпінде жазылған,-деген Берік Бегалиев өзге де мәселелер туралы кеңінен толғады.

Республикалық деңгейде өткен семинар-кеңесте мамандар да өз пікірлерін ортаға салып жатты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының ғылыми істер бойынша орынбасары Мұхтар Ақтаев, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасыныңбасшысы, филология ғылымдарының кандидаты София Омарова, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Дөңбаева жаңа қазақ әліпбиіне қатысты түрлі ойлары мен ұсыныстарын кеңінен айтты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір