• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:07:43
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 Аймақтар

"GOODZHEM"-нің бағындырар белесі көп

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазастан халқына арнаған алғашқы Жолдауында жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Мемлекет қамқорлығының арқасында өз жұмысын жолға қойған бизнес-құрылымның бірі- «GOODZHEM» компаниясы.

Компания төрт түлік түрлеріне арналған жоғары сапалы құрама жем өндіреді. Өндірістік кешенді құру 4 негізгі кезеңге бөлінген. Олардың үшеуі зауыттың құрылысы мен үлкен және орта элеваторды қоса есептегенде жүзеге асып отыр.

2017 жылың 1 желтоқсанында іске қосылған «Good Look Сауда үйі» ЖШС бүгінгі күні тауарлы брендін қалыптастырып, облысқа ғана емес елімздің нарығында жақсы танылып отыр. Кәсіпорын қазір «GOODZHEM» тауарлы маркасымен ірі шаруашылықтар мен қожалықтарға жем өнімдерін ұсынуда. Атап айтқанда ірі қара, жылқы мен ұсақ малға, тауықтарға қажетті жем өндіреді. Тәулігіне 480 тонна өнім өндіріп отырған кәсіпорын әлеуеті жоғары. Өндіріске жаңа технологияларды да ендіріп отыр.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері арнайы ат басын бұрып, жергілікті бюджетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік сектор саласындағы прогрессивті технологияларды ілгерілету жұмыстарына тарту бойынша жол картасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен серіктестіктің сату бөлімінің басшысы Мұхамед Үсенбаев серіктестік өнімдері бүгінгі күні Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттеріне экспортталып отырғандығын алға тартты. Мұнда 25 жергілікті азамат тұрақты жұмысқа тартылған. Қазір облыстың барлық аудандарындағы қожалық иелерімен де тығыз жұмыс жүргізілуде. Ал кәсіпорындағы өндірістік қауіпсіздік жолға қойылған. Кәсіпорындағы құрылғылардың дені – автоматтандырылған.

–Субсидия мәселесі бойынша облыстық ауыл шаруашылық басқармасына хат түсірдік. Өйткені, былтыр жергілікті қожалық иелері субсидия алатын. Яғни, шаруаларға жем 60 теңгеден сатылса, оның 20 теңгесін мемлекет төлеп келген еді. Ал биыл субсидия қарастырылып отырған жоқ. Қазір өнім 100-200 теңге аралығында сатылады. Сондай-ақ жем қоспаларына шаруалардың өтініші бойынша мөлшерлеп қосамыз. Ал жеке тұрғындар үшін серіктестік орналасқан ғимарат алдында арнайы контейнерде жем саудаланады. Сауда нүктелері базарларда бар, – дейді Мұхамед Үсенбаев.

Серіктестіктегі құрылғылар Германия, Украина мемлекеттерінен алынған. Енді элеватор құрылысына Түркиядан құрылғылар жеткізілмекші екен. Серіктестікте бұл еңбек өнімділігінің жоғары екенін көрсетсе керек-ті. Шара барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлімінің әдіскері Кенжебай Өмірбеков Жамбыл облысы ҚХА «Ақжелкен» жастар лигиясының мүшелеріне өндірісі өркендеген серіктестіктегі жұмыс қарқыны мен енгізілген жаңа технологиялар жайында айтып берді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір