• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:28:58
Алматы
+35°

Бұл туралы  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы   Серікқали Жұманов және  "Smart Concept" ЖШС басшысы Қуат Ақанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жобаның пилоттық нұсқасы 25 қыркүйектен бастап №5 автобуста енгізілген болатын. Жол жүру ақысын көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы төлеуге болады.

Ертеңнен бастап басқа бағыттарда стационарлық валидаторларды орнату басталады. Бүгінгі күні 328 валидатор сатып  сатып алынған. 3 желтоқсаннан бастап жүйе барлық бағыттарда жұмыс істейді деп болжануда. Жол жүру картасын кондуктордан немесе мына орталықтардан сатып алуға болады:

  1. "Мереке" СҮ-343 квартал;
  2. "Жаңа Семей" СҮ (Жаңа құрылыс);
  3. "Тамаша" СҮ ( Ш. Уәлиханов к-сі, 147);
  1. "Еркежан" СҮ.

Avtobys чат-бот көлік картасының балансын тексеру телеграм каналы арқылы көруге болады  (https://t.me/AvtobusPassengerBot). Картаның теңгерімін кез келген төлем терминалында картаның артқы жағында көрсетілген көлік картасының нөмірі бойынша толтыруға болады.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде № 5 (7 көлік бірлігі) маршрутта жолақысын төлеудің электрондық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

- Бүгінгі таңда 488 көлік картасы іске асырылды. Мобильді қосымшаның теңгерімінен 1746 рет төлем төленді, - деді Серікқали Жұманов.

 Қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын "Smart Concept" ЖШС Call-орталығы мына байланыс нөмері бойынша 8 72 22 52-01-43 сағат 09.00-18.30, дүйсенбі-сенбіге дейін қабылдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір