• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:43:05
Алматы
+35°

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалы 2016 жылдан күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары турасында Пленум өткізді. Есепті үш жыл аралығында жүзеге асқан істерді баяндаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаевтың мәлімдеуінше, өңіріміздегі бастауыш ардагерлер ұйымдарының саны біршама азайған. Нақты айтқанда 997-ден 939-ға кеміпті. Бұл ауылдарда халықтың көшіп-қонуы және жақын құрылған бастауыш ардагерлер ұйымдарының бір-бірімен қосылуының салдарынан болып отыр. Әсіресе, Қордай ауданында 98-ден 80-ге, Талас ауданында 110-нан 61-ге азайса, Сарысу ауданында керісінше 9-ға көбейген.

Ардагерлердің бос уақыттарын тиімді пайдаланулары мен салауатты өмір салтын насихаттаулары үшін «Ардагерлер орталығы» ғимаратынан «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылған. Онда ардагерлерге барынша жағдай жасалған. Білікті дәрігер аптасына екі рет келіп, қан қысымын өлшеп, дәрігерлік кеңестер беріп тұрады. Психологтар ардагерлердің сұранымы бойынша жеке қабылдаулар өткізіп, әр түрлі тақырыптарға лекциялар өткізіледі. Қайрат Рысқұлбеков саябағы мен «Тараз-Арена» спорт кешенін де тиімді пайдалануда. Туристік жолдамалармен қарияларды тарихи орындарға саяхаттату, табиғат аясында серуендеу шаралары да назардан тыс қалмаған. Осындай іс-шараларға облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер, демеушілер көмектесуде. Қазыналы қарттарды қадірлеген баршаға 125 мыңнан аса ардагерлердің атынан Еркімбек Бейсембекұлы шексіз алғысын айтты.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сынларлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуына тың серпін беретін қадау-қадау міндеттерге тоқталды. Инвестициялық климатты жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы өркендеду, мұның бәрі де тұғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған қадамдар. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, құқық қорғау салаларына қатысты да нақты міндеттер айқындалды. Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру жолында алдыңғы толқын ағалар, жергілікті жерлердегі ардагерлер кеңестері аянып қалмайды, -дейді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір