• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:36:08
Алматы
+35°

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің екі жылдық жұмыс қорытындысы бойынша, олар Семей қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, қаладағы жарнама құрылымдарын жинақтау бойынша 40 билборд пен 250 аса ұсақ жарнама объектілерін бөлшектеген.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ермек Ақановтың айтуынша, бұл жарнама нысандары стандарттарға сәйкес келмейді. Кейбірі ескірген болса, өзгелері  белгіленбеген жерлерде орнатылған. 

– Өкінішке орай, біздің  байқағанымыздай, көптеген сауда үйлерінде, үлкен супермаркеттерде жарнама ретсіз орналасқан. Бұл – қаланың эстетикалық келбетіне зиян келтіреді. Сондықтан талаптарға сай келмейтін жарнама нысандары алынып тасталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады, – деді Ермек Ақанов.

Жұмыс барысында  қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін көптеген сауда дүңгіршектерінен бас тартуға тура келген. Мысалы, соңғы екі жылда қалада 70-ке жуық дүңгіршек пен 50-ден астам металл гараждар алынып тасталды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір