• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:41:35
Алматы
+35°

Жамбыл облысында мекен еткен корей халқының өзіндік ұстанып келе жатқан салт – дәстүр, тыныс – тіршілігі мен үйлену той барысында сақталатын әдет-ғұрыптары таңқалдырмай қоймайды. Ынтымақта күн кешкен кәрістердің бірлігі мен тірлігі де бекем, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ежелгі уақыттан бастап корейліктердің неке қию рәсімі, әсіресе тарихи Отанда ерекше салтанатпен өтеді. Той қалыңдықтың көйлегі, шаш және бет әрлеулері және күйеу жігіттің ұлттық костюмдері, өзгеше салт-жоралғыларымен ерекшеленеді. Корей халқында адамзат баласы үйленгеннен кейін ғана ата –ана перзенті алдындағы өз борышын толық өтеген болып есептеліп, жас жұбайларды бөлек шығарады. Кейбір өз отбасларында бірге тұрады. Мұндай көрініс қазақ халқында да бар. Жігіт ер жетіп үйленген соң «Үй ішінен үй тігілді», оны қалыңдығымен бөлек шыққанда «Еншісін бөліп беріп» бөлек шығардық деп жатады. Жалпы олардың ата-ана сыйлап, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету сынды қасиеттері қазақтарға өте қатты ұқсас келеді.

Чосон әулеті дәуірінде Корей түбегінде неке қию рәсімі көптеген рәсімдермен сүйемелденді. Олардың көпшілігі бүгін ұмытылған, бірақ кейбіреулері әлі де қалды.

Ертеде жігітке қалыңдықты оның ата-анасы таңдайтын болған. Ал қызға құда түсіп келгенде қыздың қарсы немесе қарсы еместігін оның ата-анасы айтатын болған екен. Таңдау мен шешім қабылдауға әлеуметтік жағдай мен тек-рудың беделі ықпал ететін. Мұндай келісімді «чуньмэ» деп атайды. Корей жастары шаңырақ көтермес бұрын бір-бірінің ата-тегін тексереді. Олар ата-тектерін «пхой» деп атайды, ол шыққан руды білдіреді. Егер де жас жұбайлардың «пхойы» бірдей болып, ал еш туыстық қарым-қатынастары болмаса, олар бір рудан тараған бір атаның баласы болып есептеледі. Қазіргі таңда бір-бірін сүйген жандар той жасамас бұрын ата-анасының алдынан өтеді. Ата-анасы қарсылық білдірмей, рұқсат берсе, той жасауға кіріседі. Корей халқы тойға екі адамның қосылуы ғана емес, екі жанұяның, екі жақтың бірігуі деп қарайды. Құдалықтың алғашқы сатысы «хонсимари», яғни келісім. Кейбір деректерінде бұл рәсім атауы «хэрок» немесе «хонсе мар» деп аталынған. Хонсимариде күйеу жігіттің әкесі мен үлкен ағалары қыздың ата-анасына келіп, рұқсат сұрайды. Келісімге өздерімен бірге әр түрлі тағамдар мен ішімдіктер әкеледі. Сондай-ақ, қалыңдыққа арнап алтын бұйымдарда әкелінеді. Егер қыздың ата-анасы келісімді мақұлдаса, келесі саты «ченчи» күні белгіленеді. «Ченчи» - бұл құдалық салтының ресми күні. Құдалыққа екі жақтың ең жақын туыстары жиналады. Корей халқында бұл күн үлкен дастархан басында ерекше атап өтілетін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір