• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
27 Қаңтар, 06:40:14
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 NEWS

ШҚО-да алашордашылардың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған жиын

Семейдің медицина университетінде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен "Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым" тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шара Алаш қайраткерлері С. Сейфуллин,  І. Жансүгіров және Б. Майлиннің 125 жылдығына арналды. Мақсаты - қазақтың "үш бәйтерегі" атанған қайраткерлердің тағылымын, қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектерінің ерекшелігін көпшілікке таныту және латыннегізді жаңа әліпбидің маңызын түсіндіру. Конференцияға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлері, студент жастар,  қоғамдық ұйымдар қатысты. Шара барысында қазақ әдебиетіндегі алаш идеясы, үш бәйтеректің тұлға ретінде қалыптасуы және шығармаларының әдеби-теориялық негіздері талқыланып, ұсыныстар ұсынылды.

- Қазақ әдебиетінің "үш бәйтерегіне" айналған Ілияс, Бейімбет, Сәкеннің еңбектерін күллі қазақ халқы жақсы біледі. Олар қиын да қилы заманда жазушылықты жандарына серік етіп, қоғам қайраткеріне айнала білген тұлғалар. Сонымен қатар, биыл "Егемен Қазақстан" газеті 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Ал, осы "үш бәйтерегіміздің" бұл газетпен өмір жолдары тығыз байланысты. Сол уақыттағы "Ұшқын", "Еңбек туы", "Еңбекші қазақ"," Социалистік Қазақстан" газеттері болып, халықтың жағдайын жеткізе білген газет, бүгінгі күні "Егемен Қазақстан"  болып жұмысын жалғастыруда. Сәкен мен Бейімбет бұл газеттің алғашқы редакторларының бірі болған еді. Үш бәйтерегіміз де еңбек жолдарын осы газеттен бастағаны да баршамызға белгілі.Сол себепті өткен мен бүгінгіні ұштастыра отырып конференция өткізілуде, - деді ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Төлемісова Роза Әшімханқызы.                                                          а

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір