• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:42:04
Алматы
+35°

Бүгінде білім саласына бағытталған салалық бағдарламалар аз емес. Олардың дені білім жүйесін жетілдіріп ғана қоймай, ұлт тәрбиесі мен ұрпақ келешегіне бағытталған. Міне сондай бүгінгі буын тәрбиесін тереңнен қаузаған, әрі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштасқан шаралардың бірі Тараз қаласындағы «Білім» колледжінде ұйымдастырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Қоғамдық келісім» мекемесінде өткен басқосуға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Оразкүл Асанғазықызы қатысып, орамды ойларын ортаға салды. Қоғам қайраткері ұлттық код пен тектілік жөнінде әңгімесін өрбітіп, қыз тәрбиесіндегі басты құндылықтарға кеңінен тоқталды. – Елбасы: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деп атап өткен болатын. Қазіргі таңда кейбір бойжеткендеріміз кешкі уақытта көшеде жүруді сәнге айналдырып бара ма, қалай өзі? Қыдырмасын демейміз, әрине. Қыдырсын. Дегенмен көшеде кешкілік уақытта серуен құрғанды азайту керек. Соның салдарынан қыздарымыз ащы судың арбауына түсіп, шылым шегіп, түнгі клубтардың есігін баққанын көргенде жүрегің ауырады. Әсілі, кешкілік көшеде жүргендердің оңғанын көргеніміз жоқ. Осындай жеңіл мінездің салдарынан жүкті болып, тастанды балалардың көбейіп жатқаны да алаңдатады. Осының бәрі де өзіміздің қаракөз қыздарымыз, елдің ертеңгі болашақ аналары емес пе?! Ойланайықшы, олардың ертеңгі тағдыры не болады? Бұлардан өнегелі ұрпақ күтуге бола ма? Алмағайып заманда біз арымыз бен ұятымызды жоғары қоюымыз керек. Ақ босағаны аттап, некеңді қидырып, ата-анаңның разылығын алып, беті ашылып жар болған қыздың қай ортада болсын абыройы биік болады. Сан түрлі сиқырға алданып, жігіттердің жетегінен ұстамау керек. Сондықтан отбасында әкенің тәрбиесі болуы керек. Әкесіне еркелеп, оны сыйлап өскен бойжеткен жат жүріске жол бермейді, – деді Оразкүл Асанғазықызы. Ашық, еркін форматта өткен кездесуде студенттер Оразкүл Асанғазықызына көкейдегі сауалдарын қойды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір