• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:54:20
Алматы
+35°

«Бақытты отбасы» ел қазынасы. Шындығында шаңырақта шаттық болса, елде де тыныштық болатыны анық. Ал ел тұрғындарының басты мәселесі ол баспана жайы. Сол себепті еліміз «Бақытты отбасы» бағдарламасын жандандырды. Бағдарлама аясында бүгінде Жамбыл облысында қоныстойын тойлап жатқандар аз емес, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдаудың «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы бойынша тұрғындарға 10 пайыз бастапқы жарна, 2 пайыз жылдық үстемақымен 19 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылды. Бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Оған мемлекеттік қордан пәтер алуға тіркелген «толық емес отбасы», «көпбалалы отбасы», «мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттарындағы азаматтар қатыса алады. Қазіргі уақытта қала бойынша 941 жолдама берілді. Оның ішінде 351 азаматтың құжаттары банкке қабылданып, 319 адамның төлем қабілеті расталды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қала аумағынан көпбалалы отбасыларға жекешелендіру құқығынсыз 142 пәтер сатып алынуда. Бұдан бөлек, «Қарасу» шағын ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша төрт жатақхана соғылып, кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға заң аясында үлестіріледі.

Жеке тұрғын үйлер құрылысына келсек, Сүлейменов көшесінен инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Осының негізінде «КСС Construction», «РемСтрой-СС», «Сырым Білеке», «Дәмдес» мердігер компаниялары келісімшарт жасасты. Қазіргі таңда 14 үйдің құрылысы аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерге халықты қоныстандыру мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын үй жайлы айтқанда, жер кезегінде тұрған азаматтарды ескермеу мүмкін емес. Себебі жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 71 493 азамат кезекте тұр. Оларға Асқаров көшесінен және «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал», «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар жер қарастырылған. Нәтижесінде кезекте тұрған 3 752 азаматты жермен қамту жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабы маңындағы 250 гектар алаңда бөлінген 1 232 жер телімі қаралып, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бос жатқан жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады. Иә тұрғын үй, жер мәселесі жоспарға сай орындалса, халықтың көптен бері қаузап жүрген сұрақтары сейілер еді. Бастысы, құрылыс жұмыстарында жүйе бар, тек мемлекет пен мердігерлер бастаған істі аяқсыз қалдырмаса игі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір