• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:01:21
Алматы
+35°

Тараздағы жаға ұстатарлық жағдайдан соң мектеп директоры, директордың орынбасары, мұғалімі мен вахтер жұмыстан бостылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Еске сала кетсек, кеше 12 жастағы жасөспірімнің мектеп әжетханасында зорланғаны анықталды. Күдікті барлық бейнебақылау камераларынан анық көрініп тұрған. Алайда емін-еркін жүрген педофильге ешкім мән бермеген. 

Білім және ғылым министрлігі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тергеу шараларын жүргізуде.

Білім беру ұйымының басшысы оқу процесі кезінде студенттердің, оқушылар мен білім беру ұйымының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына жауап беретіндігі атап өтілді.

"Осыған байланысты мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі және күзет білім саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімімен қызметінен босатылды. Министр Жамбыл облысының білім басқармасына зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, үйде жеке оқыту ұйымдастырылды", - деп хабарлады Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджанов. 

Жәбірленуші күдіктіні танып отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 38 жастағы күдікті бұрын ұрлық үшін сотталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір