• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:02:30
Алматы
+35°

Польшаның Катовице қаласында өтіп жатқан Еуровидения-2019 балалар ән байқауында ыңғайсыз жағдай орын алды, деп жазады informburo.kz.

Қатысушылармен олардың ана тілінде сәлемдесетін конкурс жүргізушісі Матеуш Шимковяк қазақстандық Ержан Максимді таныстырғанда онымен қазақша емес, грузин тілінде амандасты. 

Жүргізуші сондай-ақ Ержаннан бұл конкурсқа не үшін қатысып отырғанын сұрады. Қазақстандық өнерпаз байқауды ұдайы қарап отыратынын, қатысу арманы болғанын айтты.

Ашылу салтанатынан соң жеребе тартылып, қатысушылардың өнер көрсету реті анықталды. Ержан Максим сахнаға оныншы болып шығады.

Конкурс финалы 24 қарашада өтеді. Қазақстандықтар байқауды "Хабар" арнасынан тікелей эфир арқылы 21:00-де көре алады. 

Көрермендерден дауыс 24-25 қараша аралығында финал басталғанға дейін junioreurovision.tv сайты арқылы қабылданады. Бұдан соң тағы 15 минутқа дауыс беруге мүмкіндік беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір