• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:32:02
Алматы
+35°

Республикалық бюджетке 290,8 млрд теңге салық түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі МКК Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша республикада бюджетке жалпы 290,8 млрд теңге салық түсті. Осылайша, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда салықтық кіріс 20,2 млрд теңгеге артып отыр", – деп Дәулет Жарылғасынов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Департамент өкілінің айтуынша, өңірлер тұрғысынан алғанда айтарлықтай түсім Атырау облысы (41,5 млрд теңге), Алматы (37,0 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (30,1 млрд теңге) қалаларынан түскен.

"Салықтан аталған өңірлерден қаражаттың көп түсуінің себебі белгілі: Атырау – мұнайлы өңір, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары – халқы көп ірі қалалар. Салық салынатын көлік құралдарының саны 3,9 млн-ға жетті. Оның 3,6 миллионы жеке тұлғаларға тиесілі. Көлік саласындағы салық төлеушілердің саны – 2 784 185 жеке тұлға. Мүлік пен жер салығын төлеушілер саны шамамен 7,3 млн адам. Оның ішінде мүлік салығы бойынша 3,8 млн адам, жер салығы бойынша 3,4 млн адам салық төлейді", – деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Салық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір