• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:53:26
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаладағы бірнеше мобильдік пунктерді ескертусіз аралаған сәтінде пункттердің басым көпшілігінде кезекші полиция қызметкерінің отырмағаны анықталды.

Бұл туралы Б.Сағынтаев өзінің instagram-дағы парақшасында жазды.

«Полицияның мобильді постылары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың постылардан көрінбейтініне шағымдануда.

Кеше кешкісін еш ескертусіз «Атакентте», «Мерей» СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов – Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди паркінде орналасқан мобильді пункттерді тексердім. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы С. Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды.

Атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынады. Алматылықтардың қауіпсіздігі – біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі», – делінген әкім жазбасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір