• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 10:56:00
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда суық су қымбаттамайды

Алматылықтар үшін суық су тарифы 2025 жылға дейін өзгермейді. Ал кәріз қызметінің төлемі өсуі мүмкін. «Алматы су» МКК тарифтік саясат жобасын қоғамдық тыңдауларға ұсынды.

Қазақстан бойынша Алматыда суық су мен кәріз қызметінің төлемі төмен тарифтер қатарында. Тұрғындарға суық судың ақысын 2025 жылға дейін 1 текше метріне 50,01 теңге қылып қалдырып, ал кәріз қызметін 25,92 теңгеден 33,69 теңгеге дейін көтеруге ұсыныс жасалды.

«Соңғы рет тарифтер 5 жыл бұрын 2014 жылдың қаңтар айында қабылданды. Содан бері қымбаттаған жоқ. Қолданыстағы тариф мерзімінің келуіне байланысты, коммуналдық кәсіпорын қоғамдық тыңдауларға тарифтік жобаны ұсынып отыр, мақұлданғаннан кейін тарифтер тағы 5 жыл өзгеріссіз қалады. Қаланың тарифі әлеуметтің ыңғайына бағытталған», – деп хабарлады «Алматы су» МКК.

«Алматы су» кәсіпорыны заңды тұлғаларға 152,73 ден (қазіргі тариф) 168,01 теңгеге дейін, кәріз қызметіне 52,61 теңгеден (қазіргі тариф) 68,39 теңгеге көтеру туралы ұсыныс жоба жасады. «Тарифтердің өзгергені кәсіпорынға салық жүктемесімен, тозығы жеткен жабдықтармен, құбырларды жаңарту мақсатында, қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге бағытталған», – деп мәлімдеді «Алматы су» МКК.

Кәсіпорын тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуды, модернизациялау, технологияларды автоматтандыру, Алматы қаласының су мен кәріз қызметінің өндірістік процесстерін ары қарай дамытуды жоспарлап отыр.

Коммуналдық төлемдер бағанында суық су мен кәріз қызметінің үлесі 4-5 пайыздан аспайды. Суық су мен кәрізге алматылық бір отбасының төлемі 600-700 теңгені құрайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір