• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:36:38
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

12 Қараша, 2019 NEWS

Көктөбедегі телеорталық ғимаратын жөндеу жұмысы жайлы: «Біз 100 пайыз архитектуралық құрылымды сақтадық»

Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов телеорталық – аппараттық студия кешенін (АСК-2 ) қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы айтып берді.

«Негізі ғимарат келбеті айтарлықтай өзгерген жоқ. Тек әйнектің түсі сәл қоңырлау болып шықты. Қазір әйнек жылтырап тұр, күнге шағылысқан кезде көзге әсер етеді. Мен бұл ғимаратты жақсы білемін. Оның қалай салынғанын, қалай пайдалануға берілгенін, қалай жұмыс істейтінін бәрін жақсы білемін. Егер бұл ғимарат қоғам үшін ашық болатын болса, шынымен де жақсы болар еді», - дейді басқарма басшысы Алмасхан Ахметжанов.

Оның айтуынша, қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін де, сәулет элементтері өзгерген жоқ және архитектуралық сызба бойынша ғимараттың қасбеті бұрынғыдай қалпына келтірілді. Оның бейнесі, стилі тіпті өлшемдерінің пішіні де бастапқы түрінде сақталған. Бұл жоба осы ғимараттың авторымен бірге жасалды.

«Бүгінгі күні аппараттық студия кешені (АСК-2 ) жобаға сәйкес, бастапқы қалпына келтірілді. Біз 100 пайыз архитектуралық құрылымды сақтадық», - деп толықтырды А. Ахметжанов.

«Телеорталық» Тимирязев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл - Алматы үшін бірегей нысан. Телевизия үшін аппараттық студия кешенін салу туралы шешім 1970 жылы қабылданған болатын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір