• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:33:07
Алматы
+35°

Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алқалы шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері мен оңалтудың техникалық құралдарын өндірушілер қатысты.

Отырысқа қатысушылар шара басталар алдында Алматы әкімдігінің ғимаратында ұйымдастырылған мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарының көрмесін аралап көрді.

«Қазақстанда шамамен 690 мың мүгедек тұрады, олардың 90 мыңға жуығы балалар. Осы жылдың мамыр айында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейін ұлттық жоспар қабылданды. Ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі – жұмыспен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мүгедектердің 67 пайызы, яғни 424 мың адам еңбекке қабілетті жаста. Алайда, оның тек 106,5 мыңы немесе 25 пайызы ғана еңбекке тартылған. Жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындамай отыр», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Осыған байланысты ол мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекет пен бизнестің күш-жігерін бірлесіп жұмсауға шақырды.

Еңбек министрі Б.Нұрымбетов экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру деңгейі шамамен 40 пайызды құрайтынын атап өтті. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 47 мың мүмкіндігі шектеулі адамға қолдау көрсетілді, оның ішінде 40 мың адам жұмысқа орналастырылды, 900 микрокредит берілді.

«2020-2021 жылдары бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу міндеті тұр. Ол үшін қосымша 20 мың адамды жұмыспен қамту қажет», - деп атап өтті Б. Нұрымбетов

Бұлардан өзге, мүгедектіктің алдын-алу, оларды кәсіпкерлікке тарту, оңалту орталықтарын құру, білім алуға, әлеуметтік маңызды нысандарға қолжетімділік, әлеуметтік қызметтер порталын құру, оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер қаралды.

Дәл осы күні Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жастардың «Мен жастарға сенемін!» республикалық форумына қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір