• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:22:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қараша, 2019 NEWS

Мағауин Тасмағамбетовке хат жазды

Қазақстанның халық жазушы Мұхтар Мағауин Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке хат жазды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хатта Мұхтар Мұқанұлы Қасым хандығын басқарған Ораз-Мұхаммедке арналған естелік белгінің ашылу салтанатына не үшін келе алмайтынын жазған.

Хаттың толық нұсқасын жариялап отырмыз.

Мағауин хаты

 "Имаш қалқам!

Назарыңнан тастамағаныңа рақмет!

Көптеген игілікті шаруаға ұйытқы болып жатырсың. Бірақ мен қайткенде бара алмаймын. Мәселе уақыт, жұмыс жағдайында ғана емес. Мен ұшақпен ұзақ сапарды көтере алмаймын. Сондықтан айып етпе. Әйтпесе, Ораз-Мұхамедтің ескі жұртына отыз жылдан соң тәуап етіп қайтқан жақсы болар еді. Өкпелеме. Өзіңе қашанда тілектес Мұхтар ағаң.

5.Х.2019. АҚШ".

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір